• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:23:46
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2019 NEWS

Белгісіз адам Павлодар теміржолында бомба қойылғандығы туралы хабарлаған

Хабарламадан кейін теміржол және автовокзалдардан 240 адам эвакуацияланды

Павлодарда жарылғыш затқа қатысты хабарламадан кейін теміржол және автовокзалдардан 240 адам эвакуацияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасай отырып. 

Облыстық полиция бөлімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері станциядағы бомба туралы хабарлаған адамды анықтады.

18:49-да  белгісіз адам қоңырауын шалып теміржол вокзалында бомба болғанын мәлімдеді. Кейін тағы да екі рет қоңырау шалып, жарылғыш бомба туралы тағыда хабарлаған.

Нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері автобус пен теміржол вокзалдарынан 240 адамды көшірді.

"Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 1992 жылы облыстың тұрғыны мас күйінде ұсталды.  Ұялы телефоны тәркіленді. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Аударған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір