• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:19:34
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2019 NEWS

Белгілі кәсіпкер жарық сөнсе, өміріне қауіп төнетін жігітке үй сыйлады (видео)

Ауылды жерде тұра алмай, жарық сөнсе өміріне қауіп төнетін жас жігіттің бар арманы – бір бөлмелі пәтер еді.

«Бүгінде жақсылықты жұртқа айтсаң – жақпайсың, қайырымдылық – көрсетпей жасайтын тірлік»  деп көпшілік сынға алады. Ал үлгі боларлық істі насихаттау – кімге болса да парыз іс болмақ. Кәсіпкер, бизнес-тренер, бүгінде халық арасында мотиваторлық оратар есебінде кеңінен танымал Аманжол Рысмендиевтің бұл жақсылығы ел-жұртты тәнті етті. 

Райымбек Талғатұлы – жастайынан жүрек дертіне шалдыққан.  Жүрегі электр қуатымен жұмыс жасайды. Ауылды жерде тұра алмай, жарық сөнсе өміріне қауіп төнетін жас жігіттің бар арманы – бір бөлмелі пәтер еді. Мән-жайды толық түсінген кәсіпкер ойланбастан іске кіріскен.

Орал қаласынан денсаулығына байланысты көмек сұрап хабарласқан бауырының бетін қайтармай, баспаналы болуды армандаған өрімдей жас жігіттің арманын Аманжол Рысмендиев бір сәтте орындап, үлкен алғысқа бөленді.

Бұл азаматтық ісімен «заманнан мейірім мен жақсылық кетті, адамгершілік жоғалды» деген ұғымға қарсы шығып, нағыз ердің бар екенін дәлелдеп берді. Қиындыққа тап болған бауырына пәтер сыйлау арқылы Алланың ғана емес, сол жігіттің анасының да алғысын алған кәсіпкердің болашаққа  жоспары көп.  Ол ең бастысы бұл жақсылығы – көпшілікке үлгі болса екен дейді. Адамның күні адаммен болғандықтан, әлі талай қайырымдылықпен айналысып, жақсылық жасаудан жарысуды ұсынады.

Аманжол Рысмендиев сияқты елдің ертеңін ойлаған, нағыз азамат, ірілік пен мәрттікті ту еткен, жомарт жандар көп болса екен дейміз.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір