• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:23:12
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2017 Әлеумет

Белгілі кәсіпкер тасқыннан жапа шеккен 10 жастағы қызға екі қабатты үй сыйламақ

Сәуірдің ортасында су тасқыны салдарынан жалғыз үйлерінен айырылып қалған Махамбетов ауылында тұратын отбасының жанайқайын салған болатынбыз. Осы жағдайды...

Сәуірдің ортасында су тасқыны салдарынан жалғыз үйлерінен айырылып қалған Махамбетов ауылында тұратын отбасының жанайқайын салған болатынбыз. Осы жағдайды ескеріп, 10 жастағы Махаббат билікке үндеу айтты. Жапа шеккендерге лайықты көмек көрсетпеген билікті айыптап, бар ашуын айтып салған.

Бұл оқиғадан соң жан-жақтан көмектеспек болып, қол ұшын созғандар табылып жатты. Соның бірі әнші Меруерт Түсіпбаева болды. «Кітаптарым суға кетті» деп көз жасын тия алмаған кішкентай қызға әнші кітаптар жіберді, ал 1 мамыр күні қыздың құрметіне Ақтөбеге барып тегін концерт қоймақшы.

Жүрегі мейірімге толы ададмдардың әлі де көп екені көңіл қуантады. Алматылық белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік 10 жастағы қызға баспана сыйламақшы, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Диапазонға сілтеме жасап.

 «Су тасқынынан зардап шеккен қызға үй салып беруді жоспарладық, бірақ кейіннен көп күттірмей жақсы екі қабатты үй алып беруді шештік, - деді басылымға берген сұхбатында Қайрат Құдайберген - Біз үлкен әрі әдемі, 159 шаршы метр аумақты қамтитын үйді қарастырдық. Оны сатып алып, Махаббаттың отбасына сыйлағымыз келді. Үйге жиһаздарды, кір жуғыш машинаны, теледидар мен басқа да техниканы апардық. Бірақ Ақтөбе әкімдігіндегілер сол аумақтағы жер учаскесінде тұруға болмайтынын, яғни, үй өзенге тым жақын орналасқандықтан бас тартып отыр. Алайда үй биік және ол өзеннен алыс орналасқан. Енді басқа үй іздеп жатырмыз. Осы істі соңына дейін тындырып, қызға баспана сыйламақшымыз».

Бүгінгі таңда Махаббат Ешімованың отбасы басқа да зардап шеккен отбасылар секілді жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір