• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:56:13
Алматы
+35°

24 Желтоқсан, 2016 Оқиғалар

Беларустік дәрігер Анголада әйелдер қалай босанатынын айтып берді

Брестік акушер-гинеколог Елена Викторович африкалық әйелдердің қалай босанатынын және әлемнің басқа бұрышы - Анголаға көшуге не түрткі болғанын айтып берді....

Брестік акушер-гинеколог Елена Викторович африкалық әйелдердің қалай босанатынын және әлемнің басқа бұрышы - Анголаға көшуге не түрткі болғанын айтып берді. Бастапқы кезде өзге мемлекеттерде қалай емдейтіні қызық болғанын айтады. Одан кейін отбасын қаржылық дағдарыстан сақтаудың өте жақсы әдісі екенін түсінген. Таныстары Анголаға баруға кеңес берді. Ол жерде Украина, Ресей және Беларуссия елдерінің дәрігерлері жұмыс істейтінін айтқан. Медиктерді жұмысқа орналастырумен ресейлік фирма айналысатынын айтты. Энергиясы мол дәрігер фирмамен байланысып, жарты жылдан кейін Африкаға көшіп кетті. 2009 жылдан бастап «Катока» тау-кен қазу компаниясының клиникасында жұмыс істейді. Аталмыш компания әлем бойынша алмазды ең көп өндіреді. Ол Анголаның астанасы Луандадан 1000 шақырым жерде орналасқан.

Белорусстік аяғы ауыр әйелдердің анголдық әйелдерден айырмашылығы бар ма? Африкада қалай босанады?

 

Анголалық әйелдер клиникада өте сирек босанады. 80% үйінде босануды жөн көреді. Оларға дәрігерді шақырған арзанға түседі. Олар өзбетінше босанады. Әйелдің толғағы басталғанда-ақ, ер адам ауылдан басқа жерге кетіп қалады. Адамдар ән айтып, билеген даусын естігенде ғана үйіне келеді. Себебі бұл баланың дүниге келгенін білдіреді. Сонымен қатар әйелдер бір күннен артық уақыт өтіп кетсе, жаман ырымға балайды. Яғни бір тәулік өтіп, әйел босанбаса дәрігерді шақырады. Осылайша мен төтенше жағдай  мен апатқа барамын деп күледі дәрігер.

 

Әйелдер баласын ұстамауды сұрайды. Ол өз бетінше кіндікті байлап, кеседі. Сосын баланы алып, ішіне қояды.... «Бұл менің балам, менің бактерияларым, тиіспеңіз оны» дейді. Одан кейін өзі барлығын тазалап, тізерлеп тұрады да дәрігердің аяғынан сүйеді. Олардың дәстүрі сондай.

Маған Ангола тұрғындарының жақын адамдарының өліміне деген қарым-қатынасы ұнады. Анголалық заң бойынша адам стресстен шығып, жұмыста жыламай, жұмысын күлімдеп істеуі үшін 8 күн демалыс беріледі.

 

Анголаның адамдары туралы айтып беріңізші...

 

Анголада тек жылы мемлекет қана емес, ондағы адамдар да жылы жүзді. Олар әрқашан күлімдеп жүреді! Үнемі күлімсіреп жүруді олардан үйрендім. Анголада жиі құшақтасады. Олар күніне екі рет бір-біріне беттерін түйістіреді. Тіпті бір-біріңізді танысамасаңызда. Бір күнде үш мәрте амандасады. «Бон дие»-бұл қайырлы таң деген мағынаны білдіреді. «Буы тарде» - қайырлы күн және «буы нойте» қайырлы түн. Үшінші рет амандасқанда күлімдемеу мүмкін емес!

Үйіңізді сағынбайсыз ба?

 

Мен жылына бірнеше рет үйге келіп кетемін. Барлығымен қауышқаннан кейін, қайтқым келіп тұрады. Мұнда барлығы бақытсыз, жерге қарап жүреді, көңілдерінде бір қаяу бар секілді....Ол жерде мен де басқа өмір! Өзімді дамытуға көп уақыт пайда болды. Мен үшін  португалиялық сайттар мен бразилиялық медицина қол жетімді. Мен көп нәрсені үйрендім. Жүгіремін, спорт залға барамын, клиникада ұйымдастырылатын барлық конкурстарға қатысамын. Қыздарыма күнде фотолар жіберіп, «скайп» арқылы қайлай өмір сүретінімді көрсетемін. Менің билеп, ән айтқаныма күледі. Кейде «бізде ауа-райы нашар болып тұр, бізге күнді көрсетші» дейтін кездері болады. Онда мен бақытты ғұмыр кешіп жатырмын. Маған бір тәуліктің өзі жетпейтін секілді. Егер жерде жұмақ болса, ол Африкада шығар. 

Әңгімелескен: Оксана Бровач

Аударған: Әсем Әлмұханбет

Дереккөз: kp.ru

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір