Бекжан Тұрыс: Дастарқанды құрметтемеуді қай кезден ұмыттық?

Бекжан Тұрыс: Дастарқанды құрметтемеуді қай кезден ұмыттық?
Ⓒgoogle.com

"Кез келген елдің дәстүрлі мәдениеті мен діни танымы сол елдің ұлттық қасиеті мен ұлттық құндылығы болып табылады. Біз сол ұлтты ұлылыққа бастайтын дәстүрлік сипатты ұмытпаған ел едік. Әлімсақтан бері дін мен дәстүрді үйлестіріп үйлесімді өмір сүрген өнегелі ұлт едік! Иманымыз бекем, амалымыз нық болатын. Ал бүгін ше? Басқа – басқа, бөлінбеген еншіміз – дастарқанды құрметтемеуді қай кезден ұмыттық? Дәм-тұздан аттамауды білетін қазақ Құранға ұйымауды неге естен шығарды?

Біз – бата берілмей асқа қол салмауды үйренген һәм үлкен мектеп көрген ұрпақпыз. Аталарымыз бата беріп, алдымен солар астан ауыз тигеннен соң ғана дәмге қол созатын едік. Жасына қарай төрге оздырып жағына қарай сөйлейтін қазақпыз! Бірақ қашаннан бері қазақ баласы, тойдың дастарқанын былай қойғанда, қазаға арналған дәмді құрметтемей, Құран бағышталмай тұрып, бірден дәмді бас салып, ішіп-жеуді бастайтын болған? Құран оқылып жатқанда орнынан тұрып әрлі-берлі жүретіндерді қосыңыз бұған.

Үлкеннен кінә іздейін десең, бәрі де – ауылдан шыққан, ата-әженің тәрбиесін көргендер, қалалық болғандары мұнда ғана. Кішіні кінәлайын десең, алдыңғы буын – үлкеннің көрсетіп отырғаны мынау. Қателік қайдан кетті?

«Қазаның жолы –жіңішке, аруақтың орны – биікте» деп аруағын ардақтаған ел емес пе едік! Аруақ сыйлай білмесек, бір-бірімізді тіршілігімізде қадірлегеніміз қайсы? Көңілдің іздейтіні көп, табары жоқ. Өмір бар жерде өзекті өлімнің болуы да – заңдылық. Басы қаралы, жүрегі жаралы, қаза қабырғасына батқан жанның өтінішімен дастарқанның тізгінін ұстайтын сондай сәттерде байқағаным – дастарқанға отыра сап, алдындағы асты асығыс қарбытып, ішіп-жеуді бастап кететіндер, Құран үнін ұйып тыңдау былай тұрсын, имамның дауысы естілгенде алдында тұрған салфетка қағазды жалма-жан басына жабатын әйелдер... Осындай өте сүйкімсіз әрі өрескел ерсі көріністерге жаным ауырғаннан арасында ескертіп айтқан кездерім болды.

«Әлгіндей әйел заты қайтып ене атанып, қандай әже болмақ» деген ойға қалам. Ұлттың болашағы әйелдің қолында болғанымен, тағдыры – ер-азаматтың уысында. Ендеше, дастарқан сыйлауды, дәм аттамауды, Ас пен той иесін құрметтеуді, салтты сақтап, дәстүрді дәріптеуді ең бірінші бүгін өзімізден бастамасақ, ертең кешігеміз.

Ал бұл – оп-оңай! Өлімді жерге келе жатырсың ба, бір шаршы орамал сал басыңа, бата жасалмай немесе Құран оқылмай дәмге қол созба! Құран оқылып жатқанда күйіп бара жатқан нәрсе жоқ, шамалы сабыр сақтап, тізеңді бүк, аруақты еске ал, тіршілігіңе тәубе қылып бетіңді сипа!

Мұның бәрі – жарлықпен бекітіліп, арнайы қаулы-қарарды талап етпейтін ұлттық құндылық. Ұлтыңда барды ардақтау арқылы ұл-қызыңа осындай ұлағатты сіңіре алмақсың. Ал ұлтқа еңбек ету, ұрпаққа ұлттық қасиетті ұқтыру – сіз бен біздің міндетіміз!"

Бекжан Тұрыстың фейсбуктегі парақшасынан

Ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    21/05 03:03 0 259
    2
    Қадыров: Егер біз қаласақ, Киев Ресейдің бір облысына айналады!
    21/05 01:29 1 2650
    3
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    20/05 23:03 0 157
    Баспа үйіндегі дау: ондаған журналист жұмыссыз қалды
    20/05 22:23 0 186
    "Сайлауға бойкот" деп ұрандаған нұр-сұлтандық сотқа тартылып жатыр (видео)
    20/05 20:02 0 1134

    Таныстырылғандар

    Ат мінгізген айып па?
    Ат мінгізген айып па?
    Ат мінгізген айып па?
    Тіпті Тоқаевтың өзі бұл істі қатаң бақылауына алып, шара қолданатынын жеткізген-ді.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 12:42 0 2850
    Назарбаев: Сайлауға қатыссам, 100% басымдықпен жеңіске жетер едім
    Назарбаев: Сайлауға қатыссам, 100% басымдықпен жеңіске жетер едім
    Назарбаев: Сайлауға қатыссам, 100% басымдықпен жеңіске жетер едім
    Президенттік өкілеттілінің аяқталмағанын айтып, әрі қарай жұмыс істей беруге болатынында жасырмады.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 15:02 0 1153
    Кішкентай ханзада: Экзюпери туралы біз білмейтін құпия
    Кішкентай ханзада: Экзюпери туралы біз білмейтін құпия
    Кішкентай ханзада: Экзюпери туралы біз білмейтін құпия
    Мен өзімнен кейін керемет естеліктер қалғанын және сендердің менің бар болмысымды ұмытпай сақтағандарыңды қалаймын...
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 16:43 0 264
    Шереметьево Бермуд үштағанына айналды: тағы да ұшақ апаты...
    Шереметьево Бермуд үштағанына айналды: тағы да ұшақ апаты...
    Шереметьево Бермуд үштағанына айналды: тағы да ұшақ апаты...
    Әуежайға әуе кемесін қондырар алдында қызметкерлер шұғыл түрде жұмыс жасаған.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 02:34 0 2145
    Әйел баласы Жәннәтқа қалай барады?
    Әйел баласы Жәннәтқа қалай барады?
    Әйел баласы Жәннәтқа қалай барады?
    Әйел адам тозаққа түсетін болса, төрт еркекті өзімен бірге алып кетед
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 07:57 0 1740
    Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
    Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
    Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
    Ешқандай саяси лауазымды қызметтерді атқармайтынын айтты.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 10:10 0 610
    Макс Боқаев: Халық билікке талабын орындатқыза алатынын көрсетті
    Макс Боқаев: Халық билікке талабын орындатқыза алатынын көрсетті
    Макс Боқаев: Халық билікке талабын орындатқыза алатынын көрсетті
    Ақтөбеде түрмеде отырған белсенді сұхбат беріп, қазіргі жағдайы, елдегі саяси өзгерістер туралы айтты.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 15:12 0 646
    Дау-дамай өршіп тұр: Тұрғындар қаражатты қалтаға басқан серіктестікке наразы (Видео)
    Дау-дамай өршіп тұр: Тұрғындар қаражатты қалтаға басқан серіктестікке наразы (Видео)
    Дау-дамай өршіп тұр: Тұрғындар қаражатты қалтаға басқан серіктестікке наразы (Видео)
    "Тұрғындар жиналыс жасағалы жатыр" деген хабарды естіп, төрт блоктан тұратын тұрғын үй кешеніне біз де жеттік ентелеп.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 01:23 0 771
    Ержан Максим Валерий Меладземен дуэт орындады (видео)
    Ержан Максим Валерий Меладземен дуэт орындады (видео)
    Ержан Максим Валерий Меладземен дуэт орындады (видео)
    "Сэра" туындысы Меладзенің Нұр-Сұлтан қаласында өткен концертінде шырқалды...
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 02:28 0 303
    Қарғыс алу қаншалықты қауіпті?
    Қарғыс алу қаншалықты қауіпті?
    Қарғыс алу қаншалықты қауіпті?
    "Мүмінге лағнет айту оны өлтірумен тең",- деп айтылған
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 02:45 0 713
    Бірнеше банкротты бастан кешкен бизнесмендер баяны
    Бірнеше банкротты бастан кешкен бизнесмендер баяны
    Бірнеше банкротты бастан кешкен бизнесмендер баяны
    Кәсіпкердің айтуынша, жоба жүзеге асып, қолданысқа енгеннен кейін барлығы ойындағыдай жұмыс жасай бастаған.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 02:59 0 155
    Зеленский бүгін ұлықталмақ
    Зеленский бүгін ұлықталмақ
    Зеленский бүгін ұлықталмақ
    Жаңа президенттік ұлықтау рәсімі сағат 10.00-де (Нұр-Султан уақытымен сағат 13.00) Парламент ғимаратында  басталуы тиіс.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 11:12 0 224
    "Аузыңды жап дейтін": Сириядан келген әйел сұмдық жайттар туралы айтты (видео)
    "Аузыңды жап дейтін": Сириядан келген әйел сұмдық жайттар туралы айтты (видео)
    "Аузыңды жап дейтін": Сириядан келген әйел сұмдық жайттар туралы айтты (видео)
    Қазіргі таңда психологтармен дәрігерлердің бақылауында.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 11:20 0 3076
    Псевдосалафизммен күресте исламды жақсы білетін тарихшыларды алға шығару керек!
    Псевдосалафизммен күресте исламды жақсы білетін тарихшыларды алға шығару керек!
    Псевдосалафизммен күресте исламды жақсы білетін тарихшыларды алға шығару керек!
    Қателесудің бәрі танымның дұрыс болауынан келіп шығады.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 14:16 0 61
    Шешінген судан тайынбас: Порошенко биліктен кетпеймін деп отыр
    Шешінген судан тайынбас: Порошенко биліктен кетпеймін деп отыр
    Шешінген судан тайынбас: Порошенко биліктен кетпеймін деп отыр
    Ол 2024 жылы болатын келесі президент сайлауына міндетті түрде қатысатынын айтқан.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:49 0 640