• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:30:34
Алматы
+35°

Өзінің facebook әлеуметтік парақшасында журналист Бекжан Ыдырысов мынандай мазмұнда хат қалдырыпты:

"Бір нәрсені түсіндіріп кетейін. Мен Қазақстаннан қазір жырақтамын. Уақытша емес түпкілікті кеттім деген үміттемін. Елден кету жайлы шешімді ұзақ ойланбастан шапшаң түрде қабылдадым. Шешімім дұрыс екендігіне екі аптадан соң көзім жетті. Екі аптада бір қазақты көрмегеніме қайғырудың орнына қуандым. Сөйтсем, қазақтардан әбден шаршаппын. Қазақстаннан жалығыппын. Қазақ жүрген жерде мақтаншақтық бірге ілесіп жүреді. Қазақ кеудені кермей, істегенін көзге шұқып, мақтанбаса болмайды.
Тойды да, кішігірім бас қосуды да мақтану үшін ұйымдастырады. Қазақтар мақтану бойынша әлем чемпиондары. Мақтану – қазақтың өмірлік мағынасы. Назарбаевтан бастап барлық қазақ тек мақтануды ғана біледі. Назарбаевқа түкке тұрғысыз медальдерді Ватикан сыйлап жатыр, Назарбаев болса мәз. Ондай медальдерді қызметінен кеткен елшілерге табыстаушы еді. Сонда да Назарбаев қуанады.  Өзін мақтау, тәкаппарлану қазақтың қанға сіңген әдеті. Қазақ өз-өзіне атақ-абырой тағайындап, медаль беруге дайын. Кей қазақтар бастарын қосып алып, бір-біріне мадақтау айтып, медаль береді. Жалпы, Қазақстан бұл өтірік мемлекет. Мұнда ешнәрсе шынайы емес. Имитация, қысқасы.  Қазақстанда жөн түзу жол болмаса да қазақ жолдарымыз қандай күшті, Елбасымыз қандай дана деп мақтана береді. Мың жол тесік-тесік болса да Елбасы қадағалаған бір жол түзу болса қазаққа жеткілікті. Допинг қабылдап, чемпион атанған спортшыларымыз да мақтануға себеп. Олардың өтірік чемпион екендіктеріне қазақтар сенбейді. Бәріне сылтау-себептері дайын. Бәрібір мақтана береді. Мақтануға себеп табу үшін қазақтар Матаевты, Шәріпбаевты, Ыдырысовты темір торға қамауға дайын.
Мен күн сайын бір қазаққа сөз еркіндігі мен таңдау еркіндігі жайлы түсіндіріп айтсам, бірнәрсе өзгере ме қате ойлаппын. Жо-жоқ, қазақ ондайға дайын емес екен.  Сөз еркіндігі мен таңдау еркіндігі жауапкершілік дегенді талап етеді. Қазақ айтқан сөзі мен істеген іс үшін жауап бергісі келмейді.
Коррупцияға қарсы бюроның қызметкерлерінің өзі менің алдымда Матаевты, Ахметовты, Ермегияевты отырғызғандары үшін мақтанады.
Сенің Ғабдуллиніңді де қамаймыз дейді. Олар қапшық-қапшық ақша ұрлап жатқан ұрылармен тең еместігін түсінбейді.

Назарбаевты мақтағаннан жалықтым. Жай ғана естігім келмейді. Назарбаев өлсе де қазақ өздеріне бір қаһарман сайлап алады да сонымен өмір бақи мақатанады. Мен бұл циркте жұмыс істегім де, өмір сүргім де келмейді.
Тергеу ісі маған ультиматум қойды: не мен Ғабдуллинмен бірге отырамын, не оған қарсы жауап беремін. Ғабдуллин жайлы әркім әртүрлі ойлайды. Мен болсам оған  мені «Радиоточкаға» шақырғанына ризамын. Тергеушілер Ғабдуллин жалы өз пікіріңді ашық айта берме деп те маған нұсқау берді.  Журналист ашық пікір білдіре алатынына, соған міндетті екендігіне олардың түкіргендері бар. Сол себепті де «Радиоточка» Ғабдуллиннің ісі бойынша белсенді жұмыс жасады. Сұхбат бергендердің барлығы өз білгендерін, түйгендерін ғана айтты. Ол жерде ешқандай саяси тапсырма болған жоқ. Бұл дүние тергеушілерге ұнамады. Маған қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсетті. Өзің де аузыңды ашпа, қалғандарына да ашқызба деп кеңес берді. Астанадағы екінші тергеуден кейін өзара мені Ғабдуллиннің қасына отырғызамыз деп шешіп қойғандарын түсіндім. Себеп – шындыққа жанаспайтын өтірік ақпарат бергені үшін. Енді олар менен Ғабдуллинге қарсы шыққанымды қалады. Сол кезде айқын түсінгенім, тергеушілерде Ғабдуллинге қарсы ешнәрсе жоқ. Бүкіл айып, кінә мен сияқтылардың «айтқандарына» негізделеді. Менде Қазақстаннан кетуден басқа жол болмады. Астанадағы достарымның пошталарын бұзып, әлеуметтік желідегі парақшаларын төңкере бастағанда қабылдаған шешім дұрыс екендігін түсіндім.
Билет  сатып алдым да Қазақстаннан алысқа ұзап кеттім.  Мен түрмеге барудан қорқып кеткен жоқпын. Мен жай ғана бұл лас ойынға араласқым келмейді. «Радиоточкадағы» барша қыз-жігітке ризашылығымды білдіремін. Ата-анаммен қоштаса алмағаныма ызалымын.
Қайда, немен шұғылданатыным белгісіз.

Ғабдуллинді болашақта босатуы да мүмкін шығар. Бірақ есесіне олар не сұрайтыны белгісіз. Жалпы, қазақ тығырыққа тірелді. Бұл тығырықтан шығу үшін мақтаншақтықтан арылуы шарт. Ол үшін қазақ қазақтықтан бас тартқаны лазым. Өзге мемлекетте бұл шешім тез әрі жеңіл қабылданады. Шетелде қазақ екеніңді ұмытасың, дүниеге басқаша көзқараспен қарайсың. Билетке ақша табылады-ау, шешім қабылдау қиын. Коррупцияға қарсы бюроға мені шешім қабылдауға итермелегендерің үшін рақмет айтамын!"

Аударған: Жазира Байдалы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір