• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:37:31
Алматы
+35°

11 Қазан, 2018 Оқиғалар

Бектастың өз әйелін өлтіру фактісіне еш қатысы жоқ

Алайда Durbi.kz сайтындағы материалдың түпнұсқа атауы «Баланың обалы кімге?» болатын.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегінде «Сәләфит жігіт өз әйелін «өлтірді» деген тақырыпта Durbi.kz сайтының мақаласын жариялаған болатын. Алайда Durbi.kz сайтындағы материалдың түпнұсқа атауы «Баланың обалы кімге?» болатын. Аталған мақаланы жариялаған журналист Әсел Болатқызы тақырыпты өзгертіп жариялады. Журналист тақырыпты қоярда аталмыш оқиға бойынша Бектас Т. үстінен «әйелін өлтірді» деген қылмыстық іс қозғалмағанын, адамды яғни өз әйелін өлтіру фактісіне ешқандай қатыстылығы жоқтығын әрі тақырыпты бұрмалау арқылы жалған ақпарат таралу қауіпін ескермеген.
Аталған келеңсіз жайт үшін Qamshy.kz ақпарат агенттігі Бектас Т. мен оның отбасы, туған-туыстарынан кешірім сұрайды.

Құрметпен, «Қамшы» ақпарат агенттігінің бас редакторы Жазира Байдалы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір