• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:00:28
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2017 NEWS

БЕКБОЛАТТАЙ ЖЫРШЫНЫ НӘПСІҚҰМАР ДЕЙТІНДЕЙ ТАЛҒАТТЫ ТАҒЫ НЕ ТҮРТТІ? (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде діни көзқарастарын батыл айтып, қызды-қыздымен

Әлеуметтік желіде діни көзқарастарын батыл айтып, қызды-қыздымен мешіттен бастап қауіпсіздік органдарының қызметіне дейін сынап-мінеп тастайтын Талғат Рысқұлбек есімді желі қолданушысы Рождество қарсаңында тағы да атқа қоныпты. Бұл жолғы нысанасы – мүфтият та, ҰҚК да емес, осыған дейін ел өзімен пікірлес, мүдделес деп санап келген Мәжіліс депутаты, жыршы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Бекболат Тілеухан. 19 қаңтар күні Астанада концерт бергелі отырған жыршыны Т. Рысқұлбек бақ пен билікті көтере алмады, нәпсіге еріп кетті деп айыптапты. Жұрттың жағасын ұстатпаса да, көптің таңданысын туғызған Талғаттың бұл тәпсірлеуінен түсінгеніміз, қолына домбыра алып, сахнаға шыққан жан нәпсісін тыя алмаған, Алласынан алыстап, жынның жетегінде кеткен адам екен.

«Жел тұрғанда түйені шайқалтса, ешкіні көктен ізде» деуші ме еді...
Бекболаттың дүйім жұртты жинап, эстрадамен концерт беруі, қанша Тауһидшіл десек те, ақылға қонымсыз екені рас. Ұлттық фольклор деп, домбырасын құшақтап біраз жүрді де, міне енді, қанша дегенмен нәпсісінің деңгейін көрсетіп тынды. Жүз жерден ақтасақ та, Шариғат түгілі, Ата-бабам бұлай батыстың даңғаза-эстрадасымен «концерт» қоймаған еді. 

Жақтаушылар өзіне айтпадың ба дерсіңдер, өзімен сөйлесіп, айтудай-ақ айттым-ау... Тыңдар құлақ көрмедім. 

Бақ, байлық, билік беріп сыналғанда, Имандының имандысы ғана, нәпсісіне ие боп қалатыны ақиқат. Иә, мен түсінемін Бекеңді. Депутат болу оңай емес, әрине. Екі жүз мың xалықтың, біреуінің ғана қолынан келер шаруа емес пе... Десек те, өткенде бүкіл облыстан «ит» қосып қуылған «91» тобының осыншама жеккөрінішті болғаны, Қазаққа жат «көрінісі» еді. Біле білсеңдер, олар да осындай «типа нормальный» эстрадалық музыкадан бастап, осы «жеккөрінішті» деңгейге бірақ жетіп тынған еді. Бекболат ондай «деңгейге» бара қоймас, бірақ сол даңғазаның бастауын жастарға өзі ашып беріп отырған жоқ па екен...?!

Бір АЛЛАҺҚА құлшылық етіп-ақ жүрген шығар, дегенмен жеме-жемге келгенде нәпсісінің құрбаны болғаны өкінішті-ақ», - деп жазады Т. Рысқұлбек.

Жалпы, жыршылық өнеріміздің бүгінгі таңдағы жүйрігі, ұлттық спорттың жанашырларының бірі Бекболат Тілеуханға қарсы бағытталған сыни пікір бір бұл емес. Т. Рысқұлбектің Бекболатқа қарсы бағытталған сондай жазбаларда бұрын да аты аталған. Мәселен, ақын Серік Боқан алдыңғы бір жылдары «Бекболат адасып жүр» деп мақала жазып, онда Бекеңнің тауһидшілдігін Талғаттан төмен етіп көрсеткені бар.

Ал, Бекболат Тілеуханға бұл жолғы шүйлігудің түпкі себебі депутаттың діни сенімінде жатыр ма, жоқ әлде Бекеңе шүйлігушілердің шынымен де ұлттық өнер мен салт-дәстүрді сыртқа тебетін теріс ағымның жетегінде кеткенінен бе, ол жағын тап басып айту қиын. 

Осы орайда, жыршы Бекболат діни уағызшы ретінде құрметтейтін Дарын Мубаровтың Т. Рысқұлбекпен құда екенін де тілге тиек ете кеткен жөн. 

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір