Астанада өткен баспасөз конференциясында дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің өтетін, өтпейтініне байланысты журналистің сауалына жауап берген Бекболат Тілеухан атбегілерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтының дерегін негізге алып.
10 Қыркүйек, 2018 NEWS
Бекболат Тілеухан журналистерге ағынан жарылды
Бекболат Тілеухан кешірім сұрады.
Оның айтуына қарағанда «Алтын тұлпар» аламаны екі жылда бір рет өтіп тұратын болады.
«Кейбір атбегілеріміздің тарапынан екі жылда бір рет өтіп тұрса деген ұсыныстар да болды. Сондықтан келесі жылы аманшылық болса, өтетіні анық. Ал биылдыққа жағдай осындай болды» - дейді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті.
Осы орайда, жыл бойы «Алтын тұлпарға» арнап ат баптап, онысын басқа бәйгелерге салмай, аламанды күткен атбегілердің еңбегі, аттың обалы не болады деген заңды сұрақ туындады.
«Бұл жағдайға шынымен кешірім сұраймын! Кейде діттеген мақсатыңа мүмкіндігің сәйкес келмей қалады. Жасыратыны жоқ, мен де «Алтын тұлпарға» бір ат дайындап отыр едім. Аламанға ат дайындаған адамның бәрі екінші орын алам деп баптамайды, елу ат қосса, елуі де бірінші орыннан дәмелі болады ғой. Енді осы бір қолымыздан келмей қалған дүниеге байланысты атбегі бауырларымнан кешірім сұраймын!» - деді Бекболат Тілеухан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір