• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:52:46
Алматы
+35°

2018 жылдың шілде айында әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео жарияланды. Онда әскери киім киген ер адамдар әйелдер мен балалардың көзін байлап, жерге жатқызып, атып өлтіргені көрсетіледі. Бұл видеоның соңында балалар мен әйелдер қатыгездікпен өлтіріледі. Сондықтан видеоның соңы көрсетілмейді.

Әскерилер оларды «Боко Харам» террористік ұйым мүшелері деп айыптаған. Бастапқы кезде видеодағы әскерилердің қай елден екенін анықтау қиынға соқты. Кейбіреулер оларды Мали әскері деген ойда болды. Енді бірі Камерунның солтүстігінде түсірілген деген пікірде еді. Себебі дәл осы жерде әскерилер 2014 жылдан бері «Боко Харам» ұйымына қарсы күресіп келеді.

Видео желіде тарағаннан кейін халық наразылығын білдірді. Халық шулады. «Бұл жағдай Камерунда болды» деген сыбыс шықты, алайда Камерун билігі кадрдегілер Камерун әскерилері деген ақпаратты жоққа шығарды. Видеоны жалған деп мәлімдеген еді.

Би-би-сидің Африкадағы редакциясы мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін журналистік зерттеу жүргізді. Тексеру нәтижесінде кісі өлтіру оқиғасы қайда және қашан болғаны және қылмысты Камерун әскері жасағанын анықтады.

Журналисттік зерттеу қалай жүргізілгенін Би-би-сидің Африкадағы қызметкері Алиом Леруа айтып берді.

Оқиға қай жерде болды?

Би-би-си журналистері жасырын ақпарат алғаннан кейін редакция қызметкерлері кісі өлімі болған жерді Зелеваттың жанынан іздей бастады. Видеодағы тауды дәл тапты. Бұл тау Крауа Мафа ауылының жанында орналасқан. Журналистер видеодағы жол мен ғимараттар, тіпті ағашқа дейін аталмыш жермен сәйкес келетінін анықтады. Би-би-сидің Африкадағы редакциясы кісі өлімі дәл сол жерде болды деген ұйғарымға келді.

Оқиға қашан болды?

Видеода камера нысанына түсіп қалған ғимараттар спутниктен 2016 жылдың ақпан айына дейін ғана көрінеді. Тағы бір құрылыс нысаны 2015 жылдың наурыз айына дейін ғана бар. Жол құрғақшылық мезгілінде ғана байқалады. Журналистер әскерилердің көлеңкелерінен күн қалай түскенін анықтап, оқиға 2015 жылдың 20 наурыз бен 5 сәуір аралығында болды деген қорытындығы келді.

Мұның артында кім тұр?

Бастапқы кезде Камерун билігі өз әскерлерінің қаруы мен киімі басқа екенін айтып, сендіруге тырысқан. Зерттеу барысында видео бейнедегі қару Застава-М21 екені анықталған. Ол Сербияда жасалынған. Оны Камерун армиясының кейбір бөлімшелері қолданады. Билік ер адамдардың үстіндегі камуфляж да басқа екендігін айтқан. Алайда Channel 4 британдық телеарнаның 2015 жылы Зеленетеде түсірілген видеосынан Камерун әскерінің дәл видеодағыдай киім кигенін көруге болады.

Журналистер зерттеу нәтижесін Камерун билігіне көрсетті. Жеті әскери қызметкер ұсталды. Олардың қаруы тартып алынды. Оларға қатысты қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Журналист Алиом Леруа олар қазір түрмеде екенін айтады. Камерун билігі ұсталғандардың кінәсі дәлелденгенше  оларды кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді. Билік өкілдері әскерилер әділетті сотқа толық құқығы бар екенін айтады. Өкінішке қарай, бұл әділетті сот атып өлтірілген әйелдер мен балаларға қатысты жүргізілмеді.

 

 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір