• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:08:33
Алматы
+35°

09 Қыркүйек, 2017 Ғылым-білім

Байтұрсынұлы музей-үйі туралы кітаптың тұсауы кесілді

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының алғаш ұйымдастырылуы — 1993 жылдың 09-қыркүйегі.

Бүгін Алматыдағы Байтұрсынұлы музей-үйінде Ахмет Байтұрсынұлының өзі тұрған музейге айналған үй туралы кітаптың тұсауы кесілді, деп жазады Qamshy.kz

Кітаптың тұсау кесеріне Ахмет Байтұрсынұлының жиен немересі Айман Байсалова, Ахмет Байтұрсынұлын алғашқы болып зерттеушілердің бірі Ахметтанушы Аманқос Мектептегі, тұсауы кесілген кітапқа редакторлық еткен, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері Гүлжаһан Орда және әдебиет сүйер қауым мен студенттер, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары келді.

Кітап авторы 20 жылын музейге арнаған Райхан Имаханбет. Кітап 4 бөлімнен тұрады. Онда музей-үйдің тарихы мен музей ретінде бекітулі, музейге айналған 24 жылдағы қиындықтары мен қымбат естеліктері жазылған. Кітап Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен басылып шықты. Жаупты редакторы «Ұлт болмысы» журналының бас редакторы Гүлжанар Амантайқызы.

Тұсаукесерге келушілер кітап авторы әрі музейдің директоры Райхан Сахыбекқызына «Ірі мемлекет қайраткері тұрған үйді көзінің қарашығындай қорғап келе жатқаны үшін зор алғыстарын білдірді.

Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының алғаш ұйымдастырылуы — 1993 жылдың 09-қыркүйегі. Еске сала кететін болсақ, жақында ғана Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы Алматы қаласы бойынша киелі орындар тізіміне енген болатын. Музей орналасқан көшеге 1998 жылы Байтұрсынұлы аты берілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір