• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:51:38
Алматы
+35°

23 Қаңтар, 2019 Әлеумет

Байлыққа емес, балалардың тағдырына алаңдайтын қайырымды миллионерлер (фото)

Бүгінде атақты актерлердің гонорары бір адамның бірнеше жылдық табысына тең болатындай жағдайға жетті

Бүгінде атақты актерлердің қаламақысы бір адамның бірнеше жылдық табысына тең болатындай жағдайға жетті. Кейбірінің жылдық табысына бүтіндей бір аймақты асырауға болады десек, артық айтқандық емес. Ал олар мұндай қаражатын қайда жұмсайды? Әдетте көпшілігі жайлы өмір сүру үшін жанына керегін бәрін алып, жарқыраған жақұттан бастап, тіпті бүтіндей бір аралды сатып алып жатады. Дегенмен, бес саусақ бірдей емес. Әлемде көзі көрген жылтыраққа құмарта бермей, арал немесе яхта сатып алғаннан, ауыр жағдайдағы балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын миллионерлер де бар. Олар саусақпен санарлық болса да, бүгінгі қоғамда ондай жандар баршылық және жұрт олардың атқарып жатқан істерінің бірін білсе, бірін білмейді.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі өзінің әлеуметтік дәрежесіне ғана мән бермей, әлемдегі жағдайға да көз қырын салып, қаржысын қайырымдылыққа жұмсайтын 8 миллионерді назарларыңызға ұсынады.

Гоша Куценко

ГОша

2011 жылы актер Гоша Куценко «Бірге қадам басайық» атты қордың негізін қалап, ДЦП-мен ауыратын балаларға көмек көрсете бастады. Содан бері актер шоу-бизнес пен жеке кәсіпкер достарының басын қосып қайырымдылық концертін жиі ұйымдастырып тұрады.

Наталья Водянова

Наталья

Әйгілі топ-модель Наталья Водянова 2004 жылы балаларға арналған ойын алаңдарын салумен айналысатын «Жалаңаш жүректер» атты қор құрады. 2011 жылдан бастап аталмыш қор  сырқатқа шалдыққан балалары бар отбасыларға көмектесіп келеді.

Натальяның қайырымдылық істері тек ТМД ғана емес, сондай-ақ бүкіл Еуропа елдеріне де белгілі. Ол үнемі қайырымдылық кештерін ұйымдастырып отырады.

Константин Хабенский

Константин

Актер Константин Хабенский 2008 жылы онкологиялық және басқа да ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсететін орталық ашқан. 2013  жылға дейін аталмыш қор 130 балаға көмектесіп үлгерді.

«Жер бетінде адам өмірінен құнды ешнәрсе жоқ, аналардың бақытқа толы көздерін көргенде іштей қуанып кетемін және сол нәрсе маған күш-қуат сыйлайды», - дейді актер.

Шолпан Хаматова

Шолпан

Шолпан Хаматова – 2006 жылы «Өмір сыйла» атты қордың негізін қалаған актриса. Ашылған күннен бастап аталмыш қор гематологиялық және онкологиялық дертке шалдыққан балаларға қолдау көрсетіп келеді, ал актриса Хаматова үнемі ауруханаларға қажетті жабдықтар мен препараттарды сатып алуға көмектесіп, демеушілік білдіріп тұрады. Сонымен қатар, түрлі еріктілер тобын құрып, қан тапсыратын донорларды табуға көмектеседі.

Киану Ривз

Киану Ривз

Киану Ривз – өте қызықты персонаж. Оны метрода, көшеде кетіп бара жатып немесе үйі жоқ адамдармен сөйлесіп тұрған жерінен көріп қалуға болады. Сондай-ақ, оның өзіне тиесілі көлігі, тіпті үйі де жоқ. Актер әлі күнге дейін пәтер жалдап тұрады. Киану Ривз шалқып өмір сүрудің еш мәні жоқ деп есептейді, алайда өзге жандарға ешқашан да көмегін аяған емес.

Оның қарындасы ақ қан ауруына шалдыққан екен, кейіннен актер онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмек беру мақсатында өзінің жеке қорын ашқан. Сонымен қатар, ол түрлі экологиялық жобаларға белсене атсалысып, жануарлардың құқығын қорғау жұмыстарына қатысады.

Леонардо Ди Каприо

қайырымдылық

Леонардо Ди Каприо ерте танылып, гонорары ең қымбат актерлердің біріне айналған. Сондықтан да, ол ақшаның құнын ерте бастан түсіне білген. 1998 жылы актер 15 миллион долларын 30 түрлі ұйымға қайырымдылыққа берген қордың негізін қалады.

Кейт Миддлтон

қайырымдылық

Кембридждік герцогинияны бүгінге дейін қоғамда "патша отбасының мүшесіне сай әрекет етпейді" деп бірнеше рет айыптаған болатын. Алайда Кейт Миддлтон мұндай қаңқу сөздердің біріне де мән бермейді.

Ол өте қарапайым, Ұлыбританияда әлеуметтік статусы өзге британдықтардан жоғары болғандығына қарамастан Милан немесе Римде шыққан соңғы үлгідегі киімдерді емес, қарапайым маркалы киімдерді кигенді ұнатады екен. Ол өзінің жұбайы Уильяммен бірге қайырымдылыққа өте көп мөлшерде қаржы жұмсап отырады.

Аджелина Джоли

қайырымдылық

2001 жылы Камбоджа қаласында Анджелина Джолидің қатысуымен «Лара Крофт» фильмі түсірілген болатын. Сондағы жергілікті халықтың қаншалықты төмен жағдайда өмір сүріп жатқанын көрген актрисаның қайырымдылыққа  қызығушылығы оянады.

Анджелина Джоли Африкадағы балаларға арнап бірнеше қор ашқан. 2005 жылы актриса БҰҰ-ның гуманитарлық сыйлығымен марапатталып, 2013 жылы волонтерлік гуманитарлық көмегі үшін атақты «Оскар» сыйлығын иеленген.

Бүгінде әлемде қалталы қайырымды жандардың тізімі ұзарып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір