• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:49:40
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Аймақтар

Байғаскина З.С. Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді

Алматы қаласындағы жұмыс сапарының нәтижесі бойынша Байғаскина З.С. Департамент қызметіне өзінің оң бағасын берді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің Алматы қаласына жұмыс сапармен келді.

Ағымдағы жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Байғаскина Зина СапуанқызыАлматы қаласына жұмыс сапарымен болды.

Мемлекеттік қызмет істері жәнесыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қызметкерлері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының қызметкерлерімен бірлескен семинар-жиын өткізіп, семинар барысында, Байғаскина З.С. қатысушыларды Әдеп жөніндегі уәкіл институтының мақсаттары мен міндеттері туралы атап өтті. Оған қоса, өзінің құзіреті шегінде консультациялық кеңестер беріп, қатысушыларды қызықтырған мәселелерге жауаптар берді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау бойынша сауалнама өткізді.

Алматы қаласы Әкімдігі ғимаратында Байғаскина З.С. Алматы қаласының аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. Кездесу барысында, Алматы қаласындағы мемлекеттік органдардыңӘдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметіндегі мәселелер көтерілді.

Оған қоса, мемлекеттік қызметшілерге көрсетілетін медициналық қызметтердің талаптарымен танысу мақсатында «Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамына барды.

Байғаскина З.С. Алматы қаласы Әкімдігінің «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдауында болып, оның жұмысымен танысты.Айта кетерлік жайта,қоғамдық қабылдауға келген кез-келген азамат кеңес алып, Әкімдіктің басқармалары, прокуратура, ішкі істер департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, төтенше жағдайлар бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Кәсіби медиаторлар» қоғамдық ұйымы қызметіне қатыстыөзінің өтініштерін қалдыруына болады. 

Алматы қаласындағы жұмыс сапарының нәтижесі бойынша Байғаскина З.С. Департамент қызметіне өзінің оң бағасын берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір