• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:26:17
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2018

Баянмен сөзге келген Меруерт өзіне қоқан-лоқы көрсетіліп жатқанын айтты

Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзова продюсерлік еткен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалына кеткен қаржыны қайтаруды талап еткен

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзіне тіл тигізіп, қоқан-лоқы көрсетіп жатқандарды сотқа бермек. Оны қорқыту мәндегі және балағаттаған хабарламаны әлеуметтік желіге салып, қазір хабарлама авторынан түсінік алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жазды.

«Біз демократиялы қоғамда тұрып жатырмыз. Мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ретінде миллиондар қатарында өз пікірімді айттым. Бұған менің құқығым бар!! Оған жауап ретінде апалы-сіңлілер маған тіл тигізіп, арымды қорлап, жала жапты!! Кешегі күннен бастап маған қоқан-лоққы жасап жатыр. Мен көп уақыт шыдадым. Енді тиісті құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүрмін. Ескертемін! Барлық қоңыраулар, комментарийлер жазылады. Сотта кездесеміз!", — деп жазды Меруерт Түсіпбаева инстаграм  парақшасында. 

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзова продюсерлік еткен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалына кеткен қаржыны қайтаруды талап еткен. Оған продюсер өз инстаграм парақшасына жауап берді.

Шағым

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір