• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:35:15
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 Аймақтар

Баум тоғайында 10-нан аса құс ұяшығы орнатылды

Баум тоғайында 10-нан аса құс ұяшығы орнатылды

Алматыдағы Баум тоғайын түрлендіруге инвесторлар да ат салысатын болады. Демалыс орнында жарықтандыру жүргізіліп, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады. Қазір оның жобасы әзірленуде. Одан бөлек, былтырғы жылдың аяғында қаланың балансына өткен тоғайда сенбілік шаралары көптеп ұйымдастырылмақ. Сегіз ауданның оқушылары халықаралық құстар күнін атап өтті.

Қос қанаттыларды қорғау күні 1906 жылдан бері аталып келеді. Негізгі мақсат -азайып бара жатқан құс түрін ұдайы қорғау және жұртшылықтың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру. Ал алматылықтар құстарға деген қамқорлық күнін атап өтуге 10 жылдан аса уақыттан бері қатысып жүр. Қаламыздың 8 ауданы ат салысқан акция барысында, қос қанаттыларға ағаштан 10-нан аса құс ұяшығы орнатылды.

Шараның Баум тоғайында өткізілуінің өз себебі бар. Бұған дейін  Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағына тиесілі болған орман былтыр қала балансына берілген болатын. Енді күтімсіз қалған аумақты көркейту мықтап қолға алынбақ. Оны түрлендіруге инвесторлар да тартылмақ. Атап өткенде, жарықтандыру жүргізіліп, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады.

«Ол бойынша жоба дайындаумымыз керек. Бұл бойынша ең бастысы -  мемлекеттік бюджеттен емес. Мүмкіндік болса, инвесторлар арқылы жасау. Кейбір жұмыстарды қаланың қаржысына жасау көзделген. Нақты шығындардың көлемі анықталып жатыр. Өйткені бізге жаңадан өтіп жатыр», - деді «Медеу» өңірлік табиғи паркі директорының орынбасары Арман Шатырбеков.

Қазіргі таңда Баум тоғайында 110 мыңға жуық ағаш бар. Аты әйгілі орманға санитарлық жұмыстарда жасалады. Қазір қанша ағаштың шірігенін, қаншасын кесу қажет екені зерттеліп жатыр екен.  Онда соңғы рет ағаш осыдан 10 жыл бұрын отырғызылыпты. Алдағы уақытта мұнда сенбілік өткізілмек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір