Бауыржан Момышұлының ақ батасы

Бауыржан Момышұлының ақ батасы
Ⓒqamshy.kz

Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик, "Ұшқан ұя", "Мәскеу үшін шайқас", "Майдан", "Майдандағы кездесулер", "Төлеген Тоқтаров", "Куба әскерлері", "Адам қайраты", "Ел басына күн туса" шығармашылының авторы — Бауыржан Момышұлының ақ батасын ұсынады.

Е, Жаратушы жасаған!
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды қабыл ет,
Дозақтағы оттан сақта,
Қаңғырған оқтан сақта,
Парақор соттан сақта.
(Жұрт сотқа қарап күледі).
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта.
Қара жүрек батылдан сақта,
Дәйексіз тіл тақылдан сақта.
Адалдықты арбағаннан ақыннан сақта,
Ашу жеңген ақылдан сақта,
Қайырымсыз жақыннан сақта.
Қате ісіне қиналмас,
Көк долы қатыннан сақта.
Халықты зәбірлер бастықтан сақта.
Жақынға жала жабатын
Қанқұйлы қастықтан сақта.
Сырты сұлу, іші кір,
Қадір білмес пасықтан сақта.
Өз пікірі татымсыз,
Кісі ақылымен күн көрер,
Татымы жоқ жасықтан сақта.
Несібе кесер кесірден сақта,
Жолы лас жесірден сақта.
Кеудесін керген келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Жалқау бала намыссыз,
Ожданы жоқ ұлдан сақта.
Түнере атқан таңнан сақта,
Жаңбыры жоқ шаңнан сақта.
Әкімінде шапағат жоқ,
Әділдікте шарапат жоқ,
Молдасында шариғат жоқ,
Байларында салауат жоқ,
Кедейінде қанағат жоқ,
Үлкенінде ұлағат жоқ,
Кішісінде инабат жоқ,
Азаматында ар-ұят жоқ,
Көршісінде қошемет жоқ,
Қариясында бата жоқ,
Сөздерінде пәтуа жоқ,
Құр айқай, шат-шәлекей даңнан сақта.
Е, Жартушы жасаған!
Өмір берсең – жайлығын бер,
Дәулеті мен байлығын бер.
Еңбегіміз өністі болсын,
Қамбамыз жемісті болсын.
Көсегеміз көркейіп,
Мыңғырған мал өріске толсын.
Қарияны кемел, сыпайы ғып бер,
Ағаларды райлы ғып бер,
Апаларды мейірлі ғып бер,
Жезделерді зейінді ғып бер,
Құдағиды кең пейілді ғып бер,
Қарындасты көрікті ғып бер,
Інілерді бөрікті ғып бер.
Әйелді ақ некелі ғып бер,
Баланы қаны толық шекелі ғып бер.
Жиендерді жетелі ғып бер,
Күйеулерді көшелі ғып бер,
Екі айтпайтын еселі ғып бер,
Келіндерді келісті ғып бер.
Қыздарды бақытымен
Ұрпағы көп өрісті ғып бер.
Аттарды желісті ғып бер,
Ағаштарды жемісті ғып бер,
Төскейде төл көбейсін.
Жайқалтып дала егісті ғып бер,
Дәні толық өністі ғып бер.
Ұрпақтарды намысты ғып бер,
Тұлпарды табысты ғып бер.
Жомарт болсаң, Жасаған!
Айтқанымның барлығын,
Ағайынды ақаусыз
Өнегелі өмірмен тату-тәтті,
Табысты ғып бер!

Ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ

    1
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    21/05 03:03 0 317
    2
    Қадыров: Егер біз қаласақ, Киев Ресейдің бір облысына айналады!
    21/05 01:29 1 3313
    3
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    20/05 23:03 0 169
    Баспа үйіндегі дау: ондаған журналист жұмыссыз қалды
    20/05 22:23 0 198
    "Сайлауға бойкот" деп ұрандаған нұр-сұлтандық сотқа тартылып жатыр (видео)
    20/05 20:02 0 1187

    Таныстырылғандар

    Кішкентай ханзада: Экзюпери туралы біз білмейтін құпия
    Кішкентай ханзада: Экзюпери туралы біз білмейтін құпия
    Кішкентай ханзада: Экзюпери туралы біз білмейтін құпия
    Мен өзімнен кейін керемет естеліктер қалғанын және сендердің менің бар болмысымды ұмытпай сақтағандарыңды қалаймын...
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 16:43 0 267
    Елордадағы митинг: Сұлтанов сұраққа жауап беруді ғана біле ме? (видео)
    Елордадағы митинг: Сұлтанов сұраққа жауап беруді ғана біле ме? (видео)
    Елордадағы митинг: Сұлтанов сұраққа жауап беруді ғана біле ме? (видео)
    16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында көп балалы және жалғыз ілікті аналардың наразылығы өтті
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 17:14 0 2926
    Қырғын дебат: Қосановты қолдаушылар мен бойкот жариялаушылар дауласты
    Қырғын дебат: Қосановты қолдаушылар мен бойкот жариялаушылар дауласты
    Қырғын дебат: Қосановты қолдаушылар мен бойкот жариялаушылар дауласты
    Журналистің айтуынша, егер Әміржан Қосанов осындай мәлімдеме жасаса, өзі де қателеспейді, халықты да тура жолға бастайды-мыс.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 01:56 1 3298
    Статистика комитеті Қазақстандағы халық санының нақты дерегін жариялады
    Статистика комитеті Қазақстандағы халық санының нақты дерегін жариялады
    Статистика комитеті Қазақстандағы халық санының нақты дерегін жариялады
    2018 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 10:42 0 1225
    Печенье жеп, бір күнде байлыққа кенелді
    Печенье жеп, бір күнде байлыққа кенелді
    Печенье жеп, бір күнде байлыққа кенелді
    Оның айтуынша, ол бұған дейін ешқандай ұтыс ойынына қатысып көрмеген...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 12:40 0 499
    Атырау облысында мектеп директорлары мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатыспайтын болады

    17/05/2019 13:45 0 348
    Түркістан қаласы шығыстық үлгіде жаңарады
    Түркістан қаласы шығыстық үлгіде жаңарады
    Түркістан қаласы шығыстық үлгіде жаңарады
    Қазір кесененің жанында жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы басталды...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 14:36 0 356
    Димаштың 2 арманы бір күнде орындалды
    Димаштың 2 арманы бір күнде орындалды
    Димаштың 2 арманы бір күнде орындалды
    Бүгiн Димаштың екi арманы орындалды. Бiрiншiсi...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 15:51 0 2885
    Жүкембаевтың жарқын жеңісі (видео)
    Жүкембаевтың жарқын жеңісі (видео)
    Жүкембаевтың жарқын жеңісі (видео)
    Жүкембаев қарсыласын бірінші раундта-ақ  нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 10:00 0 6088
    Қазақстандағы жалғыз каллиграф – Асылбек Орынбасаров (сұхбат, фото)
    Қазақстандағы жалғыз каллиграф – Асылбек Орынбасаров (сұхбат, фото)
    Қазақстандағы жалғыз каллиграф – Асылбек Орынбасаров (сұхбат, фото)
    Протездерімен, тіпті қылқаламды аузына қыстырып қойып көркем жазу жазатын екі қолы жоқ шеберлерді де көргенмін.
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 17:50 1 639
    Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?
    Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?
    Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?
    Ұстаздардың айлығы футболшылардан едәуір аз
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 01:13 0 1601
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Естеріңізге сала кетсек, із-түзсіз жоғалған қызға мемлекетаралық іздеу салынған болатын...
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 03:46 0 5019
    Қонаев туралы қызықты деректер: Ол 46 өлшемдегі аяқ киім киген
    Қонаев туралы қызықты деректер: Ол 46 өлшемдегі аяқ киім киген
    Қонаев туралы қызықты деректер: Ол 46 өлшемдегі аяқ киім киген
    "Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім."
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 08:06 0 1714
    "Тақтар ойыны" сериалы соңғы бөлімінде күлкіге қалды (видео)
    "Тақтар ойыны" сериалы соңғы бөлімінде күлкіге қалды (видео)
    "Тақтар ойыны" сериалы соңғы бөлімінде күлкіге қалды (видео)
    Аталған дүниелер ортағасырлықтардың түсіне де кірмеген...
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:23 0 175
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    Қоғамдық көліктердің бірінде баласымен бірге отырған суретін жарялаған қала басшысы Алматыдағы қоғамдық көліктердің хал-ахуалын айтып өткен.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:00 0 657