• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:25:07
Алматы
+35°

05 Шілде, 2017 NEWS

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолда жол көлік оқиғасы 30 %-ға көбейді

Мұндай ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ЖОФ директоры Тоқтаров Даурен Сержанұлы, пайдалану...

Мұндай ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ЖОФ директоры Тоқтаров Даурен Сержанұлы, пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Төлтаев Даурен Алматайұлы хабарлады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАвтоЖолдың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Даурен Сержанұлының сөзіне сүйенсек, Жамбыл облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1237 шақырымды құрайды.

Бүгінгі таңда, құрамына 5 ЖПБ (ДЭУ) және 11 ЖПП (ЖПП) кіретін «Қазақавтожол» РМК ЖОФ-ы тарапынан осы 1237 шақырым автожолда күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде.

          495 шақырымды құрайтын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізінің қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

          495 шақырым автожолдың 295 шақырымы І-техникалық санатты төрт жолақты, 200 шақырымы ІІ-техникалық санатты екі жолақты. Жалпы шақырымның 351 шақырымы цементбетонды, 144 шақырымы асфальтбетонды жамылғы. Жол жамылғысы 13 тн өстік салмаққа және 20-25 жыл қызмет көрсету мерзіміне есептелген.

          Жамбыл облысы бойынша осы халықаралық транзитті дәлізі негізінен қолданыстағы «Алматы-Ташкент-Термез» автомобиль жолымен өтеді. Сонымен қатар Қордай, Қүйік, Шақпақ асуларын және Тараз қаласы, Қордай, Құлан, Айша-Бибі, Бауыржан Момышұлы, Шақпақ ата елді мекендерін және Қырғызстан Республикасы аумағын айналып өтеді.

          2008 жылы Жамбыл облысындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізінің жобалық-ізденіс жұмыстары бес жобалаушы мекемелердің тарапынан жүргізілді (олар: «Каздорпроект»; «КазНИиПИ Дортранс»; «Астана Дорпроект»; «Қарағанды Каздорпроект» және «Орта-Азиялық Консультанттар Агенттігі»). Барлық жобалар мемлекеттік сараптамадан өтіп, қорытындылары алынған.

Жамбыл облысындағы осы құрылыс және қайта жаңарту учаскелері Азиялық және Исламдық даму банктері тарапынан қаржыландырылды.

          Осы құрылыс және қайта жаңарту учаскелері бас мердігер мекемелер: «К-дорстрой»; «КСС»; «Дженгиз Иншаат» «КСС/Жамбылжолқұрылыс»; «Казахдорстрой»; «Казахдорстрой/Хюндай» және «Ақмола құрылыс материалдары» компаниялар тарапынан жүргізілді.

          Сонымен қатар, осы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарының барысы шет елдік компаниялар «Дар Аль Хандааса»; «СМЕК»; «КОКС»; «Лавалин» және «Дохва» тарапынан қадағаланды.

     Жалпы құрылыс кезінде 22 көпір, 15 жол өткелдері, 643 су өткізу құбырлары, 11 көліктік жол айрығы салынды. Тараз қаласы, Отар, Қордай, Меркі, Ақыртөбе және Бауыржан Момышұлы ауылдарында 3 «жол пайдалану бөлімшелері» (ДЭУ) мен 3 «жол пайдалану пунктері» (ДЭП) құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарынан өтті.

          Қисықсызықты брустардың жалпы ұзындығы 263 056 п.м құрайды.

Қазіргі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолындағы көлік құралдарының қарқындылығы тәулігіне – 7 500 көлікті құрайды, оның ішінде:

  • жеңіл автокөліктер мен шағын автобустар – 6 400-ден жоғары (84 %)
  • автобустар – 300-ден жоғары (4,5%)
  • жүк таситын көліктер – 800-ден жоғары (10 %).

Бүгінгі таңда, осы автожолда жол көлік оқиғасы 2016-2017 жылдың 5 айдымен салыстырғанда 30 %-ға көбейді.

Жамбыл облысында үлкен жылдамдықты автожол құрылысы падаланудағы магистральдың қуаттылығы мен көлік қатынасының сапасын ғана арттырып қоймай, сонымен қатар аймақтың экономикалық дамуының да қуатты көзі болып қалды. Аталған жолдың құрылысы барысында жергілікті карьерлердің тас-құм материалдары, оның ішінде жергілікті отандық құрылыс материалдары өндірушілері өндіретін әртүрлі құмды-ұнтақталған тастардан тұратын қоспалар, топырақ қорлары, темір–бетон өнімдері, жол белгілері, цемент, сол сияқты жол құрылысына қажетті тағы да басқа материалдар пайдаланылды. Сумен қамтамасыз ету шаралары жергілікті су көздерінен алынды. Сонымен қатар, өндірістік жұмыстарға 7 000-нан астам жергілікті еңбек ресурстары қамтылды,- деп сөзін түйіндеді Даурен Сержанұлы.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір