• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:30:39
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 Әдебиет

...Батылданып бай іздеген анау кім?..

Қызық шығар, жар іздеген жарнама!,- деген өлең жолдарымен Қалаулымды қараудың өзі ұят екенін айтты

Торғайлық ақын Саят Әбенов «Қалаулым» бағдарламасының жастарға дұрыс бағыт беріп жатпағанын өлең жолдарымен жеткізді.

«Қайдан ғана шыға келді «Қалаулым»,

«Қалаулымды» ұят өзі қараудың.

Қызармастан қыз іздеген мынау кім,

Батылданып бай іздеген анау кім?

Айқай-шуы қызып жатыр ортаның,

Ол ортадан алсын кімдер мол тәлім?!

Осы күннің бет-бейнесі осындай,

Болашақта кім боламыз, қорқамын.

Арулардың күйдіруде ай-жүзін,

Өзге ұлттың қайтесіңдер ай-қызын?!

Бұрынғыға бір сәт көрші үңіліп,

Ел алдында ер іздеген қай қызың?!

Жұрттың бәрі қарап отыр таңдана

Қызық шығар, жар іздеген жарнама!»,- деген өлең жолдарымен «Қалаулымды» қараудың өзі ұят екенін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір