• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:48:34
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2019 Оқиғалар

Бассейнге құлап...бір түнде данышпанға айналды

Музыкадан мүлдем алыс Дерек осыдан 13 жыл бұрын музыкалық данышпан болып оянды. Таңқаларлығы, бұл Дерек басынан қатты жарақат алғаннан кейін болған.

Өз уақытында өзінің ғажайып оқиғасымен танылып, мұқым дүниеге аты мәшһүр болған  америкалық Дерек Аматоның басынан кешкендерін Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Музыкадан мүлдем алыс Дерек осыдан 13 жыл бұрын данышпан болып оянды. Таңқаларлығы, бұл жайт Дерек басынан қатты соққы алғаннан кейін болған.

Осылайша, басы зақымданған ол бір түнде данышпанға айналды, оның үстіне, қаржысыз және үйсіз жүрген Дерек шындап музыкамен айналысып, ақша тапты.

Ол өзінің барлық бизнес инвестицияларынан айырылып, автокөлікте ұйықтап, жұмыс іздеп қиналып жүрген кезінде, 2006 жылдың 27 қазанында бассейнге батып, басынан қатты соққы алған. Есін жиған кезде ол миының музыкаға толы болғанын айтады. Көз алдына ақ-қара жолақтар елестеп, ойына бірден  фортепиано түскен.

Нәтижесінде, оның ойы шындыққа айналды. Бұрын гитарадағы кейбір қарапайым аккордтарда ғана ойнаған Дерек Амато ешқашан музыкалық білім алмаған, алайда кенеттен фортепианода ойнай бастайды. 

Ол «Саванта» деп аталатын ең сирек кездесетін синдромға шалдыққан. Бұл синдром кейбір адамда туған кезінен болады. Алайда Дерек секілді кенеттен осы синдромға шалдыққан адамдардың саны бүкіл дүние жүзінде 30-дан аспайды.

Басынан алған соққыдан кейін ол есту қабілетінің 35 пайызын жоғалтқан. Алайда Дерек еш өкінбейді, керісінше, ол өзінің керемет қабілетіне ие болғанына қуанады.

Деректің айтуынша, ол соққы алғанға дейін бірнеше ай бойы автомобильде өмір сүрген, қаржылық мәселелер оны тығырыққа тіреген. Енді барлығы өзгерді, қазір ол кәсіби музыкант.

Ол "өзінің кенеттен пайда болған қабілеті солай тез жойылып кете ме?!",- деп қауіптенеді. Алайда дәрігерлер "қабілеттің жоғалып кетуіне еш қауіп жоқ" деп отыр.

 Қазір Дерек Амато - 53 жаста. Ол Колорадо штатындағы Денверденде тұрады. Кәсіби түрде музыкамен айналысады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір