Баспаналы болып, берешекке батқысы келетіндер неге дайын болуы керек?

Баспаналы болып, берешекке батқысы келетіндер неге дайын болуы керек?
Ⓒqamshy.kz

Тұрақты жұмысы барлардың 42 пайызы ғана жеңілдетілген ипотекамен баспана ала алады. Отандық статистика комитетінің берген ақпары бұл. Оның өзі несиенің жеңілдетілген түріне қол жеткізе алатындары. Біз бакнтердің біріне барып, өзіміздің есебімізді жүргізіп көрдік. Сонымен, баспаналы болып, берешекке батқысы келетіндер неге дайын болуы керек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Статистика комитетінің шығарған есебі күрделі мәселенің бір шетін ашқандай болды. Тұрақты жұмыс істеп жүргендердің 42 пайызы ғана жеңілдетілген ипотеканы ала алады. Ал банктің өз бағдарламалары бойынша ұсынатын пәтер несиесі 22 пайыз адамға ғана қолжетімді. Жеңілінен үміттісі 106 мың теңгелік жалақысы болуы шарт делінген есепте. Біз банктердің біріне бас сұғып, өзіміз шарттармен танысқан болатынбыз. 

«Астана қаласы шеңберінде қарастырсақ. 1 бөлмелі пәтердің құны – 12 млн теңгенің шамасында. Пәтер іздеп жүрген ерлі-зайыптылардың бір баласы бар делік. «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспанаға қол жеткізу үшін отбасының жалпы кірісі 170 мың теңгенің айналасында болуы керек. Оның 68 мыңы ай сайын несие жабуға жұмсалады. Сонда 25 жылда қарыздың үстіне 10 770 000 теңге бересіз».

“170 мыңнан біз ай сайын төлемді алып тастаймыз жаңағы 68 мыңды. Сосын 3 адамға шығындарды санаймыз. Ерлі-зайыпты болса және балалары болса, 3 адамның шығындары, коммуналдық төлемдерді санаймыз. Несиеден бөлек, бір адам басына 40 мың теңгедей қалуы керек. Ол коммуналдық төлемдерді санамағанда. Ол тек жаңағы кісінің күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қалатын ақша» - дейді жеке тұлғаларға несие беру басқармасының басшысы Бейбіт Ақмұров.

«Банктердің біріндегі жеке бағдарлама бойынша дәл осы шартты қолдансақ. Сол отбасы 12 млн теңгелік пәтерді алу үшін қолында баспана құнының 30 пайызы болуы керек. Яғни, 3 600 000 теңге  алғашқы жарна. 17 пайыздық мөлшерлемемен ай сайын 130 000 теңге беріп отыру керек. Отбасының кірісі кем дегенде 270 мың теңге болуы шарт. 15 жылда қарызыңыз екі жарым есе өседі. Берешектен бөлек 15 000 000 теңге асыра төлейсіз».

Сандарды көріп, шошып қалған шығарсыз. Ұсынылатын шарт осы. Банктерге жиі барып кеңес алатындар таң қалмас. Тәуелсіз экономистердің есебі бойынша, елде 6 млн жалдамалы жұмысшы бар. Медианды жалақы деген түсінік бар екен ортада. Ол осы жұмысшылардың жартысы қанша қолға алатынын білдіретін мән.

“3 миллионнан астам адам 108 мың және одан төмен жалақыны алады. Оларда жанұялары бар болуы мүмкін. 108 мың теңгені алатын адам Астана мен Алматыда немесе басқа үлкен қалаларда пәтер ала алады деу өте қиын менің ойымша», -дейді экономикалық зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Мадияр Кенжеболат.

«Қиналмай төлеймін» дегендердің бетін қайтарғанын да көрген едік. Мәселен, Астана тұрғыны Аслан Әбілов ипотекаға пәтер аламын деп тосын жайға тап болғаны бар. Мемлекеттік бағдарлама бойынша үмітін үздіріп, өз несиесін ұсынғанда бас тартқан.

«Осы күзде банктердің біріне құжат тапсырғанмын. Менің төлем қабілетімді тексеріп шыққан соң, маған "7-20-25" бағдарламасымен өте алмайтынымды айтты. Бірақ, дәл осы табысыммен сол банктің «ипотека лайт» деген бағдарламасына қатысуға мүмкіндігім бар екен. Оның пайызы өте жоғары. Сонда мемлекеттік бағдарламамен 89 мың теңгені төлей алмайды екенмін де, банктің өзінің бағдарламасымен үй алуға табысым жетеді екен», - дейді қала тұрғыны Аслан Әбілов.

Біреудің қолы қысқа, енді біреудің беті қайтып жатқанда, пәтер жалдап жағалап жүргендер таусыла қоймас. Айтпақшы, экономист мамандар ипотека төлемі жалдау құнымен шамалас болса ғана алу керек деп кеңес айтуда. Егер ай сайынғы төлем тым көп болса, банкке жолаудың қажеті шамалы дейді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Оқушылардың жағдайы қалыпты, іс қатаң бақылауға алынды
    23/01 00:04 0 53
    2
    Әлімғазы Райымбеков, қазақтың Тайлағы: Ұят болса да ата дәстүрге қарсы шықтым
    22/01 16:51 0 1478
    3
    Бозымбаев бензиннің неге арзандап жатқанын түсіндірді
    22/01 16:37 0 268
    Жәнібек Әлімханұлы үш мықтыға сес көрсетті
    22/01 16:20 0 1930
    Қазақстан Венесуэланың кебін кие ме?
    22/01 14:53 0 547

    Таныстырылғандар

    Бүгін Қонаевтың туған күні: "Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады?"
    Бүгін Қонаевтың туған күні: "Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады?"
    Бүгін Қонаевтың туған күні: "Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады?"
    Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
    Аудио тыңдау
    12/01/2019 12:03 0 3775
    "Алтын сейф" қайда сақталады?
    "Алтын сейф" қайда сақталады?
    "Алтын сейф" қайда сақталады?
    1930 жылдары әлемнің көптеген елдері өздерінің алтын қорларын АҚШ-қа сақтауға берген.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 09:11 0 1141
    Астана әкімдігі шенділердің таксимен жүруіне 380 млн теңге бөлді
    Астана әкімдігі шенділердің таксимен жүруіне 380 млн теңге бөлді
    Астана әкімдігі шенділердің таксимен жүруіне 380 млн теңге бөлді
    Қала әкімі, оның орынбасарлары мен аудан әкімдерін белгілі бір такси жүргізушілер қызмет көрсететін болады.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 14:18 0 628
    Ақырзаман жайлы жантүршігерлік 7 жайт
    Ақырзаман жайлы жантүршігерлік 7 жайт
    Ақырзаман жайлы жантүршігерлік 7 жайт
    Адамзаттың ақырына ақыл жетуі мүмкін.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 12:20 0 6379
    Азық-түліктің  сапасы нашарлап,  бағасы көтерілген. Үкімет қайда қарап отыр?
    Азық-түліктің сапасы нашарлап, бағасы көтерілген. Үкімет қайда қарап отыр?
    Азық-түліктің сапасы нашарлап, бағасы көтерілген. Үкімет қайда қарап отыр?
    Соңғы жылдары мектептердің асханаларында, көшедегі тамақ сататын орындардан уланып жатқандар, тіпті өліп қалғандар болды.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 16:02 0 676
    Заманбек Нұрқаділов: Алматының әкімі болу жеккөрінішті жұмыс еді (видео)
    Заманбек Нұрқаділов: Алматының әкімі болу жеккөрінішті жұмыс еді (видео)
    Заманбек Нұрқаділов: Алматының әкімі болу жеккөрінішті жұмыс еді (видео)
    Билік мені бұзған емес, ешқашан. Бұза да алмайды.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 16:32 1 2769
    ҚМДБ мешіт салудың арнайы ережесін бекітті
    ҚМДБ мешіт салудың арнайы ережесін бекітті
    ҚМДБ мешіт салудың арнайы ережесін бекітті
    ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі бекіткен құжат «Қазақстан Республикасында типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртіп ережесі» деп аталады.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 20:27 0 586
    Қазақстандағы депозит қарапайым халыққа емес, банкке ғана тиімді
    Қазақстандағы депозит қарапайым халыққа емес, банкке ғана тиімді
    Қазақстандағы депозит қарапайым халыққа емес, банкке ғана тиімді
    Сақтап көбейтіп бер деп банкке салсаң пайызы аз. Несие алсаң пайыз көп.
    Аудио тыңдау
    16/01/2019 11:13 0 1515
    Еркектің сорлысы жер қориды
    Еркектің сорлысы жер қориды
    Еркектің сорлысы жер қориды
    Үйдегі ұрыс-керіске көбіне кім кінәлі: қыңыр еркек пе, айтқанынан қайтпайтын әйел ме?
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 12:54 0 2032
    Карнегиден кеңес: Танымал психологтың бойыңыздағы мазасыздықты жоюға арналған қағидалары
    Карнегиден кеңес: Танымал психологтың бойыңыздағы мазасыздықты жоюға арналған қағидалары
    Карнегиден кеңес: Танымал психологтың бойыңыздағы мазасыздықты жоюға арналған қағидалары
    Мазасыздықты жеңудің жолы – жағдайды толық саралау
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 16:09 0 2180
    Шетелдіктер бізді жарылқамайды. Шикі уранды шетке жібере беруді тоқтату керек
    Шетелдіктер бізді жарылқамайды. Шикі уранды шетке жібере беруді тоқтату керек
    Шетелдіктер бізді жарылқамайды. Шикі уранды шетке жібере беруді тоқтату керек
    Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың мәліметінше, 2020 жылға қарай әлемде жұмыс істеп тұрған 463 атом электор стансаларынан бөлек, 184 қосымша АЭС салынады
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 10:23 1 829
    Қазақстандықтар 11  айда шетелге $7 млрд аударған
    Қазақстандықтар 11 айда шетелге $7 млрд аударған
    Қазақстандықтар 11 айда шетелге $7 млрд аударған
    Ал келіп түсетіні 2 миллиардқа да жетпейді.
    Аудио тыңдау
    19/01/2019 11:28 0 614
    Биыл қазақстандықтарға бір тиынды екі тиын ету аса маңызды
    Биыл қазақстандықтарға бір тиынды екі тиын ету аса маңызды
    Биыл қазақстандықтарға бір тиынды екі тиын ету аса маңызды
    Маман жұмыс істейтін айлық табысы бар қызметкерлерді үнемшіл болуға шақырып отыр.
    Аудио тыңдау
    21/01/2019 10:23 0 715
    Жойылған халықтар аллеясы немесе жер бетіндегі соңғы ұбық
    Жойылған халықтар аллеясы немесе жер бетіндегі соңғы ұбық
    Жойылған халықтар аллеясы немесе жер бетіндегі соңғы ұбық
    Заурхан Золак – сондай қырғыннан, өз халқының қалай жойылғанын көзімен көрген жер бетіндегі соңғы ұбық
    Аудио тыңдау
    22/01/2019 09:51 0 2215
    Қазақстан Венесуэланың кебін кие ме?
    Қазақстан Венесуэланың кебін кие ме?
    Қазақстан Венесуэланың кебін кие ме?
    Сарапшылар Венесуэлаға саяси дағдарыстың XXI ғасырдың басында келгенін айтады
    Аудио тыңдау
    22/01/2019 14:53 0 547