• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:46:17
Алматы
+35°

03 Маусым, 2018 Саясат

Башар Асад Ким Чен Ынмен кездесуге ниетті екенін мәлімдеді

Сирия көшбасшысы Дамаск Солтүстік Кореямен саяси ынтымақтастықты қолдайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар, Асад Корей жарты аралындағы оң өзгерістерді атап өтті.

Сирия президенті Башар Асад КХДР-ға арнайы барып, ел көшбасшысы Ким Чен Ын кездесуге ниетті екенін жариялады,-деп жазады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі, Еуропаның "Нодон синмун" газетінің мәліметіне сүйеніп.

Басылым ұсынған мәліметке сүйенсек, Асад мұндай жоспарын 30 мамырда КХДР елшісіне сенім грамотасын тапсыру рәсімінде айтқан. Сирия көшбасшысы Дамаск Солтүстік Кореямен саяси ынтымақтастықты қолдайтынын мәлімдеген. Сонымен қатар, Асад Корей жарты аралындағы оң өзгерістерді атап өтті. 

Жыл басында Пхеньян мен Сеул арасында Солтүстік Корея спортшылары Пхенчандағы олимпиадаға қатысқан соң жылы қарым қатынас байқалды. Артынша қос ел басшылары Ким Чен Ын мен Мун ЧЖЭ Ин арасындағы кездесу жоғары дәрежеде өтті. 

Осыған дейін АҚШ пен КХДР басшылары арасында Сингапурда кездесу ұйымдастыру жайында келісім жасалғаны айтылған еді. Алайда Ақ үй басшысы шараның өтпейтінін мәлімдеген болатын. Жүргізілген келісімдер нәтижесінде Трамп Ким Чен Ынмен кездесу өткізетін болды. 12 маусымға жоспарланған Кездесудің негізгі тақырыбы - Корей жарты аралын ядролық қарусыздандыру.

Сонымен қатар, маусымда Пхеньян мен Мәскеу КХДР мен Ресей басшыларының кездесуін өткізу туралы келісімге қол жеткізді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір