• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:40:51
Алматы
+35°

21 Қараша, 2018 Әлем

Басаев бандасының ең жас мүшесі 23 жылдан кейін ұсталды

1500 адамды кепілдікке алған олар 90 көлікті өртеп жіберді.

 

Ресейдің Федералдық барлау қызметі 1995 жылы Ставропольдің Буденновск қаласында халықты кепілдікке ұстаған қылмыстық топтың соңғы мүшелерінің бірін ұстады. 1978 жылы туған Хазвах Черхиков ол кезде бар-жоғы 17 жаста болған.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, ол 1995 жылы орын алған терактіге қатысқан. Ресейдің барлау қызметі қылмыскердің ұсталғаны жөніндегі бейнекөріністі жария етті.

Расында 1995 жылдың 14 маусымында Буденновск қаласында әлемде бұрын-соңды болмаған лаңкестік әрекет орын  алғаны белгілі. Қақтығыстың салдарынан қаланың 129 тұрғыны, оның ішінде 18 милиция қызметкері, 17 әскери адам қаза тапқан. Содырлардың қаскөй әрекетінен 415 адам жарақат алды. 1500 адамды кепілдікке алған олар 90 көлікті өртеп жіберді.

Жалпы 1995 жыл мен 2013 жылдың арасында Басаевтың бандасындағы 31 адам ұсталып, әртүрлі мерзімдегі жазаға кесілді. Ал Шамиль Басаевтың өзі 2006 жылдың шілде айында Ингушетиядағы арнайы операция кезінде оққа ұшып, қайтыс болды.

Қалаға басып кірген Басаевтың 200 содыры 1600 адамды кепілдікке алып, оларды жергілікті ауруханаға қамағаны белгілі. Қылмыстық топ «Шешенстандағы соғысты тоқтатып, Джохар Дудаевпен келісссөз жүргізу туралы»  Ресей билігіне талап қойды. Екі күнге созылған келіссөздің нәтижесінде алғашында 61, кейіннен қалған адамдар  кепілдіктен босатылды. Енді міне, бандалық топтың соңғы мүшелерінің бірі ұсталып, федералдық қызмет өкілдеріне жауап беруде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір