• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:59:14
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 Саясат

Бас прокурор Қайрат Қожамжаров қызметінен кетті

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Бас прокуроры қызметіне Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов келді.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Бас прокуроры қызметіне Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов келді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жарлық мазмұны төмендегідей:

Ғ.Д. Нұрдәулетовті Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындау туралы
 
Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                   Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы  18  наурыз

          № 869

Ғизат Нұрдәулетов

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы еңбек өтілін Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастап, аудан прокурорының орынбасары болған.

Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған.

1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар Департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.

2016 жылдың қараша айынан 2017 жылдың шілдесіне дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментіне басшы болды.

2017 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ұсынған: Гүлім Жақан

 

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір