• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 16:53:22
Алматы
+35°

26 Наурыз, 2018 NEWS

Бас прокуратура: Мұхтар Жәкішев рақымшылықты өзі сұрауы керек

Үндеуде Мұхтар Жәкішевтің жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққаны туралы айтылып, денсаулығы нашар деп хабарлаған болатын.

 15 ақпан күні қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тегі парақшасында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке рақымшылық жасау туралы жазылған үндеу хатқа қол жинауды бастаған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үндеуде Мұхтар Жәкішевтің жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққаны туралы айтылып, денсаулығы нашар деп хабарлаған болатын.

Үндеу хатқа 5  мыңға жуық адам қол қойған. Қол қойғандардың арасында Жалпыұлттық социал-демократиялық партия саяси кеңесі президиумының төрайымы Зәуреш Батталова, «Қоғамдық проблемаларды талдау орталығы» қоғамдық қоры директоры Меруерт Махмұтова, «Тең құқылы журналистер федерациясы» президенті Розлана Таукина, тарихшы профессор Бақытнұр Отарбаева, журналист Вадим Борейко және өзгелер бар. Хатқа парламенттің бұрынғы депутаты Айгүл Соловьева «Заң мүмкіндік береді, сондықтан босатуды қолдаймын» деген сөздер жазып, қол қойған.

Қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 23 наурыз күні Facebook-тегі парақшасында үндеу хаттардың бәріне Қазақстанның бас прокуратурасынан «жоқ» деген жауап келгенін хабарлады.

Бас прокуратураның жауабында «Раиса Жәкішеваның баласы Мұхтар Жәкішевтің мүддесіне қатысты өтінішін қолдаған үндеу хат Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінен түсіп, қаралды, бірақ заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы президентіне рақымшылық жасау туралы өтінішпен сотталған адамның өзі жүгінуі тиіс» деп жазылған.

«Сотталған адам өтінішті жазаны атқару мекемесі әкімшілігі арқылы береді. Ал мекеме сотталған адамның өтінішіне оған қатысты арыздағы талаптар мен өтелмеген қарызы туралы анықтама сияқты бірқатар құжаттарды тіркейді» делінген бас прокуратураның жауабында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір