• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:58:34
Алматы
+35°

02 Ақпан, 2018 NEWS

Бас муфти: өзгеруді өзіңнен баста!

ҚМДБ төрағасы өзінің орынбасарларына осы бастама аясында кешенді бағдарлама қабылдап, игі жобаларды жүзеге асыруды тапсырды

Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кезекті ресми жиналыста еліміздегі дін қызметкерлеріне осындай ұран тастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиналысқа бірінші наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер – Алау Әділбай, Бауыржан Есмахан, ҚМДБ аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, мүфтият қызметкерлері қатысты. 

«Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», – деп баяндаған. Жаңа қызметімде дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

ҚМДБ төрағасы С.Сатыбалдыұлы наиб мүфтилерге осы бастама аясында кешенді бағдарлама қабылдап, игі жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір