• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:33:09
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2018 NEWS

Бас мүфти Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері министрімен кездесті

Кездесу барысында Министр Корольдік пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың айрықша екендігін атады

 

Бүгін Риядта Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері бойынша министрі Шейх Салих бин Абдул Әзиз бин Мухаммед Әл-Шейх Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында Министр Корольдік пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың айрықша екендігін атап, осы сапардың өзі екі бауырлас елдің арасындағы ерекше қарым-қатынасты қуаттай түсетіндігін тілге тиек етті.

ҚМДБ

Өз кезегінде, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Қазақстан мен Корольдік арасындағы әр түрлі: мәдени және діни салалардағы ынтымақтастыққа алғысын білдіріп, осы қатынастардың бүгінде нығайып, дами түскендігін атады. Сонымен қатар, Әл-Шейхті Қазақстанда өтетін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне» қатысуға шақырды.

ҚМДБ

Бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасқан тараптар кездесу соңында өзара естелік-сыйлақтармен алмасты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір