08 Наурыз, 2018 NEWS
Бас мүфти бүгінгі заманның батыр аналарына сый-құрмет көрсетті (фото)
Кездесуде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мүфтият өзінің діни қызметі аясында биылғы жылды «Ислам және отбасы» деп атағанын жеткізді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматыда танымал жазушы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен, белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Османмен, филология ғылымдарының докторы, көрнекті ғалым Айгүл Ісімақовамен, 17 жылда 628 баланы бауырына басқан батыр ана Тұяқ Есқожинамен сұхбаттасып, төл мерекелері қарсаңында сый-құрмет жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Кездесуде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мүфтият өзінің діни қызметі аясында биылғы жылды «Ислам және отбасы» деп атағанын жеткізді.
Жылы жүзді кездесу соңында қоғам қайраткерлері Бас мүфтиге жүрекжарды тілегін жеткізіп, алғыс білдірді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір