• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:53:00
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019 Әдебиет

"Бәрі өлді Үрімжінің қаласында..."

Таңжарық – жазба поэзияның көркемдік деңгейін көтеріп қана қоймай, қазақ айтыс өнерінің де тарихи беттерін ашқан адуынды айтыскер

Бүгін қытайдағы қазақтар арасынан шыққан ұлт қайраткері, тарихи тұлға, ақын, ағартушы Таңжарық Жолдыұлының туған күні(1903-1946)

Таңжарық – жазба поэзияның көркемдік деңгейін көтеріп қана қоймай, қазақ айтыс өнерінің де тарихи беттерін ашқан адуынды айтыскер. Абайдан бастап өзінің замандасы болған Алаш арыстарының шығармашылығын жете танып меңгеріп өзгелерге насихаттаған. Құлжада алғаш қазақ театрын ашып «Шұғаның белгісі» спектаклінде басты рөлді сомдаған. Тұңғыш қазақ газетінің бас редакторы болған. Көптеген мектептердің ашылуына ықпал еткен. Ақынның көп өлеңі абақтыда жазылған. Түрме әдебиетін қалыптастырып, сол кездегі қоғамдық шындықты өлең, толғау, әндері арқылы ашып көрсеткен.

...Бәрі өлді Үрімжінің қаласында,
Қырық екі, қырық үшінші жыл арасында.
Қорлықпен сол сабаздар кетті арманда,
Балаңның қалды бұл кек баласына...

Өлсек те, өлмес біздің атағымыз,
Белгілі істеп жүрген «шатағымыз».
Алыстан алтын сәуле бір күлімдер,
Болғанмен қазір түнек жатағымыз.
Алатын құнды қуып иеміз бар,
Біз де елміз шөберелі, аталымыз.

Зұлымға рас қарсы тұрғанымыз,
Ол да рас, құпия ұйым құрғанымыз.
Кекпенен қолымызға құрал алып,
Желкеден гоминдаңды ұрмағымыз.

Келсеңдер Үрімжінің қаласына,
Көзің сал қалтарыс, сай-саласына.
Осыны өле-өлгенше ұмытпа деп,
Тапсырып кет балаңның баласына...

Көргенін атасының оқып көрсін,
Кектеніп, көзін салып, көңіл бөлсін!
Бабамның тарихы деп табын танып,
Залымнан кегін алып, қолында өлсін!

Келеді түн орнына жарық сәуле,
Сенемін, емес мұным бекер әуре.
Сөзімнің түбін ойла енді елім,
Қолыңа осы сөзім тисе зәуде...

Жарқын Сәленұлының Facebook парақшасынан алынды

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір