• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:25:26
Алматы
+35°

Бүгін наурзыдың 1-і мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын", - делінген Елбасы қол қойған Жарлықта.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев

  • 1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
  • 1988 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
  • 1992 жылдан - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
  • 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
  • 1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
  • 2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
  • 2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
  • 2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
  • 2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.
  • 20 қаңтар—24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
  • 2012 Қыркүйек—2013 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
  • 2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
  • 2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
  • 2016 жылдың 10 қыркүйегінен 2019 жылдың 22 ақпанына дейін ҚР Премьер-министрі болды.
Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір