• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 19:48:28
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019 Саясат

Бақытжан Сағынтаев Елбасына алғысын айтты

Екі жарым жылдан аса үкімет басшысы қызметін атқарған Бақытжан Сағынтаев мәлімдеме жасады.

Екі жарым жылдан аса үкімет басшысы қызметін атқарған Бақытжан Сағынтаев Елбасының үкімет мүшелерін отставкаға жіберу туралы мәлімдемесінен кейін, алғыс айтып бейнеүндеу жолдады. Qamshy.kz ақпарат агенттігі  экс-премьердің бейнеүндеуін оқырман назарына ұсынады.

"Бүгін Үкімет отставкаға кетті.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалап, бүгінгі биіктерге жеткізген Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесі тұрғысынан қабылдап келеді. Мемлекет құру оңай жұмыс емес. Жас мемлекетті түрлі қайшылықтар мен қақтығыстардан аман алып өтіп, тарихи өлшеммен алғанда тым қысқа мерзімде осындай абыройлы Ел ету шын мәнінде шексіз құрметке лайық. Елбасы - еліміздің сан мың жылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы. Сол себепті, халқымыз баянды бүгіні мен жарқын болашағын тек қана Елбасының есімімен байланыстырады. Өткен екі жарым жыл бойы Үкімет тізгінін тапсырып, жоғары сенім білдіргені үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы алғысымды білдіремін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір