• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:25:10
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2019 NEWS

Бақыт Сұлтанов: Нұр-Сұлтан – мұндай көмек көрсететін жалғыз қала

Әкімнің айтуынша, бүгінгі таңда үй кезегінде көпбалалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар, мүгедектігі бар жандар сияқты...

Көпбалалы аналармен кездескен елорда әкімі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтының дерегін негізге алып. 

Әкімнің айтуынша, бүгінгі таңда үй кезегінде көпбалалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар, мүгедектігі бар жандар сияқты халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы қатарындағы 20 мың адам тұр. 

"Өткен жылы бюджеттен бөлінген қаражатқа сай кезекте тұрғандарға 188 пәтер бөлінді. Биыл қосымша бөлінген қаражат есебінен жылдың соңына дейін 1800 - 1900 пәтер бөлінеді деп жоспарланып отыр. Енді кезек жылдам жылжитын болады", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Сонымен қатар, елордада көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қорғауға бағытталған бірқатар іс-шара қолға алынған. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектігі бар жандарға және олардың қамқоршыларына қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі  беріледі. Ал көпбалалы отбасылардың 1-11 сыныпта оқитын балалары жаңа оқу жылынан бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілмек. 

"Нұр-Сұлтан – мұндай көмек көрсететін жалғыз қала. Біз 1-4 сынып аралығында оқитын барлық балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеміз. Енді мұндай көмек көпбалалы отбасылардың мектепте оқитын барлық балаларына беріледі", –  деп түсіндірді Б. Сұлтанов.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір