• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:56:17
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2019 NEWS

Бақыт Сұлтанов: Астаналықтар болып қала береміз

Бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындарын мерекемен құттықтады

Бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, астананың «Нұр-Сұлтан» атымен аталса да қала тұрғындары астаналықтар болып қала беретінін мәлімдеді  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Қымбатты астаналықтар! Ардақты елорданың турғындары мен қонақтары! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-береке мен бірліктің мерекесі. Халқымыз оны қашанда биік көңілмен, ерекше ықыласпен қарсы алады. Бұл еліміздің ынтымағы мен бірлігін, берекесін уағыздайтын ұлы мейрам. Өткен мен болашақты, татулық пен сыйластықты жалғаған жасампаз мереке. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев алдағы 10 жылды елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосатын шешуші кезең екенін атады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің басты міндетіміз – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және тұрмысын-тіршілігін жақсартуды жалғастыруды тапсырды. Осынау жаңа жылдың бастауы елімізге ерекше жаңалығымен келіп, жақсылықтың жаршысы болуда. Бүгінде біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық.- деді қала әкімі.

Бақыт Сұлтанов: Елорда өткеннің құндылықтарын дәріптей отырып, күллі әлемге «Нұр-Сұлтан» атымен Қазақстанның жаңа бейнесін паш етіп отыр. Бұл Елбасымыздың ерлігі мен ерен еңбегін бағалау, есімін елеп, мәңгілік тариxта қалдыру. Алайда, біз, бәріміз, астаналықтар болып қала береміз - деп мәлімдеді.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Фариза Жомартқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір