• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:30:06
Алматы
+35°

21 Сәуір, 2017 NEWS

БАҚ: Үшінші дүниежүзілік соғыстың қашан басталатыны белгілі болды

Daily Star, Daily Express ұлыбританиялық таблоидтары және басқа да БАҚ өкілдері португалиялық мистик әрі көріпкел Горацио Вильегасқа сілтеме жасап Үшінші...

Daily Star, Daily Express ұлыбританиялық таблоидтары және басқа да БАҚ өкілдері португалиялық мистик әрі көріпкел Горацио Вильегасқа сілтеме жасап Үшінші дүниежүзілік соғыстың биыл басталуы мүмкін екенін жазады, деп хабарлайды tengrinews.kz

Басылымдардың мәліметінше, Вильегас 2015 жылы Дональд Трамптың президент сайлауында жеңіске жететінін болжағанын жазады. Сол кездері сәуегей Дональд Трамп әлемге үшінші дүниежүзілік соғысты алып келетінін айтқан екен. Сонымен қатар, Техаста тұратын көріпкел-католик АҚШ-тың Сирияға шабуыл жасайтынын да айтқан. 

Вильегас жақында әуеден отты шарлардың жерге құлап жатқанын көрген, осыдан кейін ол тағы бір қарулы жанжалдың 2017 жылы 13 мамырда болатынын болжап отыр. 

Мистиктің айтуынша, ядролық соғысқа АҚШ, Ресей, Солтүстік Корея және Қытай қатысатынын айтады. Сондай-ақ, Вильегас Үшінші дүниежүзілік соғыстың көпке созылмайтынын және осы жылдың 13 қазанында аяқталатынын болжайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір