• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:24:32
Алматы
+35°

 

Түрік полицейлері Ресейдің Түркиядағы елшісі болған Андрей Карловтың өліміне қатысы бар деген күдікпен ресейлік Б.Екатеринаны тұтқындады деп хабарлайды A Haber телеарнасы.

Ол өткен жылдың қараша айында елшіні өлтірген Мерт Алтыншашпен және Анкарадағы ресейлік мәдениет орталығымен телефон арқылы сөйлескен. Тергеу барысында ол Алтыншашпен көбіне мессенджер арқылы хат жазысып тұрғанын мойындады.

33 жастағы Екатерина қонақ үйлерде әйелдерді ірі кәсіпкерлермен кездестіріп Анкарада жеңгетайлықпен айналысқан. Ол кездесулерді екі сайт арқылы жүзеге асырып отырған.

 

Қазір ресейлік әйел соттың шешімімен Анкара түрмесінде жатыр. Ресей елшілігі БАҚ-та Андрей Карловтың өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған ресейлік әйелге қатысты жарияланған ақпараттың нақтылығын білу үшін ресми сауал жолдады.

 

«Елшінің өлімінен кейін екі жақ бірігіп тексеру жұмыстарын бастады. Анкараға Ресейдің тергеу тобы келген. Тексеру барысында Ресей мен Түркия азаматтары ұсталды, тергелді» дейді Ресейдің Түркиядағы елшілігінің баспасөз-атташесі Ирина Касимова.

 

Естеріңізге сала кетейік, Андрей Карлов 2016 жылдың 19 желтоқсанында Анкарадағы фото көрменің ашылуында кісі қолынан қаза тапқан. Оған оқ атқан бұрынғы полицей Мерт Алтыншаш сол жерде өлтірілді. РФ СІМ болған жағдайды теракті деп атап, қылмыстық іс қозғады.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір