• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:49:01
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2018 Оқиғалар

БАҚ: II Елизавета Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы болуы мүмкін

II Елизавета Испанияны билеген мұсылман корольдерінің туысы.

Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Мұхаммед пайғамбардың тікелей ұрпағы болуы мүмкін. Бұл туралы The times порталы хабарлады.

Шетелдік басылымдардың дерегіне сүйенсек, II Елизавета Испанияны билеген мұсылман корольдерінің туысы. Оған дәлел ретінде басылымдар патшайымның 40-буынға дейінгі шежіресін келтірді. Мақала авторы мұндай туыстықты «екі дін арасындағы көпір» деп атады.

Мұсылман елдері бұл ақпаратқа қызығушылық танытып, тіпті марокколық кей блогерлер «Патшайымды сақтай гөр, Алла!» деген сынды жазбалар да қалдырған.

The Times мәлімдегендей, мұндай алғашқы теория 1986 жылы «Берктің пэрлер кітабында» жазылған. Кітап баспагері Гарольд Брукс-Бейкер ол уақыттарда былай деген еді: «Британдықтар патшайымның Мұхаммед пайғамбардың туысы екенін біле бермейді. Алайда мұсылман дініндегі басшылар мұны мақтан тұтады».

Елизавет II - Мұхаммед пайғамбар

Тарихшы Дэвид Старки теорияның өте қызықты екенін, алайда дәлелденбегенін айтты.

Ғалым Ричард Конисбург деректі еш күмәнсіз деп келтірді. Оның айтуынша, Англия мен Испания арасында аралас неке көп кездескен. «Орта ғасырларда Испания монархтары мен ислам патшалығының үйі бір-біріне жақын болған», - деп келтірді ИноТВ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір