• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:43:12
Алматы
+35°

15 Маусым, 2017 Фото-баян

Бангладештегі заңдастырылған жезөкшелер үйіндегі қыздардың жантүршігерлік қорлықтары (ФОТО)

Кейбір мемлекеттерде жезөкшелік заңдастырылып,  табысы мол мамандықтардың біріне айналған. Сол елдердің бірі – Бангладеш мемлкеті.  Тангайл...

Кейбір мемлекеттерде жезөкшелік заңдастырылып,  табысы мол мамандықтардың біріне айналған. Сол елдердің бірі – Бангладеш мемлкеті.  Тангайл өлкесінде орналасқан “Kandapara Hotel”  Бангладештің ең бұрынғы және көлемі бойынша екінші орынды алып жатқан  жезөкшелер үйі.

2014 жылы  «Кандапараны» жергілікті билік бұзып, көптеген әйелдерді жұмыссыз қалдырған. Біраз уақыттан кейін коммерциялық емес ұйымдардың арқасында бизнесті қайтадан жаңғыртқан.

Неміс фотографы Сандра Хойн бордельде жұмыс істейтін әйелдердің өмірін көру үшін арнайы Тангайлге барған. 

Бангладеште қыздар 12-14 жасынан бастап жезөкшелікпен айналысады

 

Кейбір әйелдер жағдайы төмен отбасылардан шықса, енді біреулері адам саудасының құрбандары болған. Жезөкшелер үйінің бастығын қыздар  «мадам» деп атайды екен.

Бұл қыздарға далаға өз еркімен шығуға тыйым салынған, сонымен қатар 5 жылдың көлемінде жалақы да алмайды. Жезөкшелер үйінің алдында өз «қарызын» өтегеннен кейін, қыздар  келген клиенттерден бас тартып, табыс таба алады. Бір сөзбен айтсақ тәуелсіз жезөкшелердің қатарына қосылады. 

Бангладештік бордельдер толығымен заңдастырылса да, жезөкшелерді басқа жерден көрсе қудалай түседі

Сондықтан да жезөкшелердің көбі отбасыларына барудан гөрі, ақшаны біреуден беріп жібергенді жөн көреді

23 жастағы Мегла есімді әйел "Кандапара" борделінде клиентпен

Мегла 12 жаста болғанда тігін фабрикасында жұмыс істеп жүрген. Ол жерде жалақысы жоғары болатын жұмысты тауып берем деген ер адамды кездестірді. Қорытындысын да Мегланы жезөкшелер үйіне сатып жіберген. 

Боннаны 7 жасында өгей әкесі зорлаған. 10 жасында ол үйінен қашып кетеді. Дала кезіп жүргенде, таныс емес ер адам келіп қызды жезөкшелер үйіне  сатып жібереді. Қазір Бонна 27 жаста. Бордельде екі тұрақты клиентіне қызмет көрсетіп, бір күнде $19 табады

14 жастағы Асма жезөкшелер үйінде туылып, жұмыс істеуде. Сыныптастары "жезөкшенің қызы" деп келемеждегені үшін мектебін тастап кетен. Жезөкше болмай тұрып, клиенттерге неше түрлі билер билеген. 

Ал бұл 15 жастағы Пакхи, ол 14 жасынан бастап жұмыс істеп жүр

Көздері жасаурап тұрған Дипа. Ол 26 жаста, бала көтеріп қалғанына 2 ай болды. Ішіндегі сәбидің әкесі тұрақты  клиенттердің  бірі

Тұрақты клиенттері көп Сумайя есімді қыздың беті жараланып тұр. Титу есімді жігіт осындай жараларды қалдырған екен. Себебі ол Сумайяға үйленгісі келеді. Ал Сумайя Титумен отау құрса, ақшасыз қаламын деп қорқады. 

6 айлық баласымен отырған Каджол. Ол нақты неше жаста екенін білмейд.  9 жасында күйеуге шыққан. Сосын тәтесі жезөкшелер үйіне сатып жіберген

Майя 

11 жастағы Шефали. Анасы екеуі бір жезөкшелер ұйінде жұмыс істейді. Шефали бар-жоғы 10 жаста болса да, бір күнде 20-25 клиентке қызмет көрсете алады. Бар тапқан ақшасы "мадамның" қалтасына кетеді. Кейбір кезде Шефалиге кішігірім сыйлықтар жасап, үш рет тамақтандырады

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір