• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:51:37
Алматы
+35°

22 Желтоқсан, 2016 Оқиғалар

Балқашта 2 жасар қызын 30 мың теңгеге сатпақ болған келіншек ұсталды

Қарлығаш Әбдірахманова есімді «ана» өзінің 2 жастағы қызын 30 мың теңгеге сатпақшы болған деп хабарлайды ктк.kz. Полиция қызметкерлері қызын...

Қарлығаш Әбдірахманова есімді «ана» өзінің 2 жастағы қызын 30 мың теңгеге сатпақшы болған деп хабарлайды ктк.kz. Полиция қызметкерлері қызын саудалап тұрған жерінен түсіп, оны тұтқындаған. Бұдан бұрын ол қызын 2 мәрте балалар үйіне өткізбекші болғаны белгілі болды. Қарлығаш Әбдірахманованың психикалық жағдайына сараптама жасалып, оның өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайды деген қорытынды жасалған. Қазір 22 жастағы келіншек психдиспансерде емделіп жатыр. Ал оның 2 жасар қызы Гүлім жетімдер үйіне орналастырылды. Гүлімнің туыстары қызды жетімдер үйінен алып кету үшін, құжаттарды дайындап жатыр.

Қазақстанда тастанды балалардың саны артып келеді. Баласын аяусыз сабап, қоқысқа, дәретханаға, қыстың күні далаға тастап кетіп жатқан безбүйрек аналар туралы жиі еститін болдық. Жаңа туылған сәбиді қоқыста тастап кететіндердің қатары көбейіп кеткендіктен  2014 жылы бэйби-бокс контейнерлерін орнату туралы шешім қабылданған. Ол 2015 жылы қолға алынуы керек еді. Алайда, әлеуметтік зерттеу барысында, бэйби-бокстарды орнатқан елдерде тастанды балардың саны екі есеге артқаны анықталды. Сондықтан ол Қазақстанда орнатылмайтын болды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір