• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:47:51
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2019 NEWS

Балқаш қаласындағы қарға "Алла" деп айқайлап тұр (видео)

Керемет! Балқаш қаласындағы қарға "Алла" деп айқайлап тұр. Тыңдап көріңіздер. Қасиетті жұма күнгі дұға-тілектеріміз қабыл болғай!

2019 жылдың 4 сәуірінде Балқаш қаласындағы парашют мұнарасының үстіне қонған қарға "Алла" деп айқайлаған. Қарғаның мұндай дауыс салғанын белгісіз желі қолданушысы видеоға түсіріп алды. Видео әлеуметтік желідегі түрлі топтарға таралып үлгерді. 

"Керемет! Балқаш қаласындағы қарға "Алла" деп айқайлап тұр. Тыңдап көріңіздер. Қасиетті жұма күнгі дұға-тілектеріміз қабыл болғай!" - деп жазды бір оқырман.

Енді бірі парашют мұнарасының маңыздылығы жөнінде жазып өтіп, құс атаулы соны сезген дейді. 

"Бұл парашют мұнарасы 1934 жылы салынды. Мұны ауылдың қарапайым баласы ешқандай сызбасыз құрастырып шықты. Мұнарадан талай соғыс ардагері парашютпен секірген. Балқаштықтар бұл жерді ерекше жақсы көрді, жиі барып тұратын. Ал қазір ешкімді қызықтырмайды, ескерткішті құлата ма деген үрей бар. Мұны қарға да сезіп тұрғандай", - деп жазды тағы бір оқырман.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір