• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:55:23
Алматы
+35°

24 Шілде, 2018 Оқиғалар

Бәліш үшін аварияға себеп болған жүргізушінің 30 жылдық еңбегі құрыды

Өйткені, бос көліктің қол тежегішін басуды ұмытып, емін-еркін тамақтануға тастап кете барған.

Алматыда екі автобус бетпе-бет соғысып, жиырмадан астам жолаушы зардап шеккенін осыған дейін хабарлағанбыз. Дәрігерлер оның бесеуін бірдей ауруханаға жатқызыпты. Тіпті, біріне шұғыл ота жасалған. Абырой болғанда жүргізуші өзіне қарай жөңкіліп келе жатқан бос автобусты көргенде тез ес жиып,  өзі басқарған қоғамлық көліктің тұмсығын соған қарай бұрыпты. Әйтпесе, бүйір жақтан келіп соққанда адамға лық толы көлік төңкерілер еді дейді. Алты жастағы баладан сексендегі қарияның зәресін алған жол апат туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Күні кеше қаланың қақ ортасында болған осы жол апатынан соң он жыл тәжірибесі бар жүргізушінің өзі қорқып қалған. Тапа тал түсте Абай даңғылынан Достық даңғылына бұрыла бергенінде ішінде не адамы, не тізгіншісі жоқ автобусты көріп абдырап қалдым дейді. салонда отрыған кішкентай балалар есіне түскенде барып қана ес жинапты. Жолаушыларды аман алып қалу үшін автобустың тұмсұғын тура екіншісіне сұғуға тура келгенін айтады.   

«Ол негізі лоб келе жатыр еді. Жолаушылардың қауіпсіздігін ойлап, өзімді, бұрышты қойдым. Негізі әр водительдің реакциясы өзін алып қашады ғой. Ол автоматический да» - дейді жүргізуші Бердалы Рыспеков. 

Апаттан соң, қираған автобус ішінен әуелі екі кішкентайды іздедім дейді жүргізуші. Кейін жедел жәрдем келгенше, жарты сағаттай терезеден қалған жолаушыларды құтқарыпты. Ал, дәрігерлер оқиға орнына он көлік келіп, 21 адамды ауруханаға жеткізгендерін айтады. Оның үшеуі бала. Ал, бесеуі бірдей ауруханаға төсегіне танылған. Біріне тіпті ота жасалыпты. 

«Негізгі жарақаты бас ми жарақаты. Аяқ қол ушив. Негізгі диаметрі сондай аяқ қолының сынғандары бар. Қазіргі таңда операциядан кейін арнайы палатаға ауыстырылып жағдайы оңалып келе жатыр» - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков.

Ал, автопарк өкілдері кінәні су жаңа автобустардан емес, жүргізушіден көрді. Өйткені, бос көліктің қол тежегішін басуды ұмытып, емін-еркін тамақтануға тастап кете барған. Оның үстіне тұрақтауға болмайтын жерге қойған. Есіктерін бекітіп кетіпті. Ашық болса, «ақылды» автобустың қауіпсіздік жүйесі іске қосылар еді дейді. 

«Бір жүргізушіні жұмыстан босатамыз. оның тағдырын сот шешетін болады. ал, екінші жүргізушінің еш кінәсі жоқ. ал, шағымданған тұрғындар болса, барлық шығынды өтеуге әзірміз» - дейді «АлматыЭлектро-Транс» ЖШС басшысы Ризван Цинаев.

Енді бір бәліш үшін жүргізушінің 30 жылдай еңбегі құрдымға кетуі әбден мүмкін. Ал, ота жасалған науқас бүгін жансақтау бөлімінен шығып, тілге келіп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір