• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 06:15:15
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Балдызын зорлап өлтірген жезденің кесірінен қазақ туыстық сенімнен айырылды

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана бүкіл жұртшылықтың жағасын ұстатқан қылмысты жасаған қаныпезер ұсталынды. Ол қонаққа келген балдызын зорлап, кейін...

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана бүкіл жұртшылықтың жағасын ұстатқан қылмысты жасаған қаныпезер ұсталынды. Ол қонаққа келген балдызын зорлап, кейін өлтірген жезде болып шықты. Бәріне арақ кінәлі деген қылмыскердің өз-өзін ұстауына, бәрін тізбектеп айтып бергеніне таң қалмау мүмкін емес. «Қалай болғанын білмей қалдым» деген қылмыскер қылмысты саналы түрде жоспарлағаны оны қылмысты жасырғысы келгенінен ақ түсінікті.

Қонаққа барамын де қиналып өлген қыздың оқиғасына бейжай қалмаған Айгүл Болатхан өзінің фейсбук парақшасында мынандай жазба қалдырыпты.


«Әлгі айуанның балаларын сыртқа шығарып жіберуге миы жетті, жасарын жасап біткен соң көзін жоюды да білді, өйткені қорланған жасөспірім қыз үнсіз қалмайтынын ескерткен, мәйітті жасыруды да ұмытқан жоқ, ол үшін балконнан паласты (әлде кілем) кіргізді, оны орады, екі жағынан скотчпен байлады, сосын диванның астына тықты! Осының бәріне "ақылы" жеткен есектің 17-ақ жастағы туысына, желкілдеп өсіп келе жатқан бойжеткен балдызына еркектігін, анығы есек (немесе сасық теке) екенін көрсетудің қажеті жоғын білмеді ме? Есін жиғанда не "бүлдіргенін" біліпті, қорқыпты! Ал балаларын сыртқа шығарып жіберу, зорлау, паласты кіргізу, мәйітті орау, скотчтау, диван астына жасыру кезіндегі есі ше, есепке алынбай ма? Күнәсін мойындағаны былай тұрсын, соны қалай шімрікпей айтып отыр? Енді осындай қылмыскерді біздің "гуманный" сот не істейді? Алла берген жанды құдайдың еншісіне қалдырды, жаратқан ием ғана жанын үзуге тиіс. Бірақ бұл айуан әзірейіл болып ана қыздың жанын алды ғой! Өзінің балаларын ана жақ жек көріп кеткен болар ендігі, түк жазығы болмаса да, өйткені бойларында мына айуанның қаны бар... Енді қазақ қызы жездесін жек көріп өссе таңғалмау керек. Енді қазақ әйелі туысына сенбей тұрса кінәламаған жөн... Қазақ туыстық сенімнен айырылды. 
...Осының бір-ақ себебі бар. Ол -ұлттық тәрбиеден алшақтауымыз. Қайталап айтам, бұ жерге дінді тықпаламаңдар! Мешіті жоқ, молдасы аз, арағы су тегін, алқашы көп кезде мұндай зұлымдық ауа жайылмаған. Молданы "танымайтын", мешітке "бармайтын" жылқы малының АЙҒЫРЫ ӨЗ ҮЙІРІНЕ ШАППАЙДЫ!!! ӨТІНЕМ, иман жайлы айтып, дінді тықпаламаңдар!
Ал әлгі айуанды айдаладағы менің жаныма үрей "сыйлап", жүрегімді мұздатқаны үшін ғана үш мезгіл тамақ беріп, түрмеде асырауға мен қарсымын!»

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір