• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:57:47
Алматы
+35°

13 Маусым, 2017 Әлеумет

Баласын дүниеге әкелу үшін әйелдің өзіне жасаған әрекеті халықты есеңгіретіп жіберді

Инес Рамирес Перес Мексиканың оңтүстігінде тұрады. Инестің үйі таудың ортасында орналасқан. Жүкті әйел толғағы басталғанда үйде өзі ғана болған. Ауырлық сезімі...

Инес Рамирес Перес Мексиканың оңтүстігінде тұрады. Инестің үйі таудың ортасында орналасқан. Жүкті әйел толғағы басталғанда үйде өзі ғана болған. Ауырлық сезімі мен қатар Инесті уайым басты.Ол үш жыл бұрын баласынан айырылған. Инес осы баласын да жоғалтып алудан қатты қорықты.

Жақын маңдағы аурухана қаладан 80 шақырым жерде орналасқан еді. Сондықтан, Инес 12 сағаттық толғақтан кейін ағаш орындыққа отырып, бір стақан арақ ішіп алады да ішін 15 сантиметрлі пышақпен кеседі.

Шамның жарығымен әйел терісін, майын, бұлшық етін кеседі. Осылай жатырға дейін барып шарананы шығарып алады. Оның сөзінше ол кіндікті қайшымен кескен. Одан кейін талып қалған.

Бұл оқиға 2000 жылдың 5 наурыз болған. Қазір баланың жасы 17-де. Оған Орланда Руис деген есім берген. Оның анасын халықаралық деңгейде ғажайыпқа теңеді. Себебі ол өзіне операция жасау арқылы баласын алған жалғыз әйел.

«Мен бұдан әрі шыдай алмадым. Егер менің балам өліп қалса, мен де өлемін деп шештім. Мен оның қалай өсіп жатқанын көргім келді. Соңғы сәтке дейін Құдай оны аман алып қалады деп үміттендім» дейді Инес.

Болған оқиғаның куәгерлері жоқ. Алайда Инес босанғанына 12 сағат өткеннен кейін оны тексерген акушерлер оның өтірік айтпағанына толық сенімді екендерін айтады.

Онорио Гальван және Джесус Гузман, Инесті қандай жағдайда ауруханаға алып келгеніне қатты таңқалды. Ол туралы медициналық форумда бөлісті. Бұл оқиға Халықаралық гинекология және акушерия журналына шыққаннан кейін адамдар оған қызуғышылық таныта бастады.

Журналға мақала дайындағандар Инесті ең алғашқылардың бірі болып тексерген акушер Леон Крузбен сұхбаттасты.

Оның сөзінше, Инес өзіне бір сағат операция жасаған. Әйел есін жиғаннан кейін ішін матамен ораған. 6 жастағы Бенито есімді баласын көмек сұрауға жіберген. Бірнеше сағат өткеннен кейін Круз пен оның көмекшісі келген.

Фельдшер 17 сантиметрлі жырықты кәдімгі ине мен жіппен тіккен. Осыдан кейін ана мен баланы жұқа сабаннан жасалған кілемшеге орап, ауруханаға екі сағат сүйреп апарған. 

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір