Баласы жемқор адам Мәжіліске лайық па?

Баласы жемқор адам Мәжіліске лайық па?
Ⓒaikyn.kz

Бұл тақырыпты бұған дейін қозғамай келуіміздің өз себебі бар. Өйткені атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісіне соңғы нүкте қойылмаған еді. Кеше сот үкімі жария болды, «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ топ-менеджерлері түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды. Оның ішінде Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы – Аслан Жақыпов та бар. Демек депутаттың баласының арам ақшаға қызығып, ардан аттағаны толығымен дәлелденді деген сөз. Ендеше ондай баланы тәрбиелеген әкенің Мәжілісте шалқайып отыруы қаншалықты қисынды?

Әдетте депутаттар өздерін «халық қалаулысы» деп атағанды ұнатады. Бәлкім өздерін іштей солай сезінуі де мүмкін. Бірақ қандай кісінің депутат бола алатыны, мәжіліске кімдердің баратыны былайғы жұртқа аса құпия емес. Алайда соның өзінде, халықтың есебінен қомақты жалақы алып, Мәжілісте қонжиып отырғаннан кейін әр депутат көпке үлгі болатындай деңгейден төмендемеуі керек қой, жұрт үшін от пен суға түсіп жатпаса да.

Оның үстіне Қабиболла Жақыпов екі депутаттың бірі емес. Мәжіліс тарихына енген санаулы төрағаның санатындағы кісі. Кезінде Мәжіліске бас-көз болып жүргенінде үкіметтің екі аяғын бір етікке тықпаса да, шенділердің кетеуі кеткен тірлігін анда-санда сынап тұратын. Онысы төраға ретінде өзіне жарасушы еді. Бүгінгі күні де сондай мінез танытам десе, құқы бар. Өйткені – депутат.

Бірақ ендігі жерде Қабиболла Жақыповтың «қаһарына мінетініне» күмән көп. Өйткені өз баласы аранын тия алмай, сотталып жатқан депутаттың өзгеге бірдеме айтатындай жөні бар ма? Егер айтатын жерде айтып, дейтін жерде демесе, ондай адам Мәжіліске не үшін керек? Мынадай жағдайдан кейін «халық қалаулысы» болып жүрген кісі халықтың бетіне қарай ала ма?

Рас, Аслан Жақыповтың жазасы өзге жемқорлардан жеңілдеу. Мәселен Қ.Бишімбаев 10 жылға сотталды. Судья кезінде өз кінәсін мойындап, бұрынғы бастығына қарсы куәлік еткенін ескерді ме, әлде өзге себептері болды ма, әйтеуір А.Жақыповты 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Былай қарасаңыз, тауық ұрлаған адамның өзі 3-4 жылға сотталып жатқанда, 2,5 жыл дегеніңіз түк те емес. Әйтседе бұл елге белгілі депутатты «жемқордың әкесі» деген аттан құтқара алмайды ғой.

Бір қызығы, интернетке үңілсеңіз, Қабиболла Жақыпов туралы деректер тек 2015 жылдан ары қарай ғана «сөйлейді». Одан бергі уақытта бұл кісінің не істеп, не қойғаны БАҚ назарына ілікпеген. Іліккені – кіші Жақыповтың ісімен байланысты тұстары ғана. Парламенттен кетіп тынды ма дейін десек, алтыншы сайланымдағы Мәжіліс депутаттарының тізімінде әлі жүр. Соған қарағанда, үлкен Жақыпов үйренген жерінде «басбұғып» жатқанға ұқсайды.

Әрине, Қабекеңді де түсінуге болады. Ілгеріде бір емес, екі бірдей ұлының есімі «Панама құжаттары» базасынан жылтың етіп көрінген. Сонда жұрт ойша болса да, Жақыповтарды еліміздегі ең дәулетті отбасылардың қатарына қосып қойған еді. Әнеки, сол баланың бірі басқа жер таппай қалғандай, «Нұрлы жолдың» қаржысына ауыз салам деп тұтылып отыр. Әрі әкенің де абыройына өшпестей етіп дақ түсірді. Бұл оңай ма? Әрине, ауыр.

Бірақ «А кому час легко?» деп орыс ағайындар айтпақшы, қазір кімге жеңіл боп жатыр дейсіз?! Іштен шыққан шұбар жыланның «басына ақ тамызып», тура жолға сала алмаған адамның халыққа қалаулы болып Мәжілісте отырғаны қарашаға жеңіл деп, кәне, қайсысыңыз айта аласыз?! 

Сансызбай Нұрбаба

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 жыл бұрын

    Туған баласы сотталған адам жұмыстан кету керек болса, күйеу баласы сотталған Елбасының өзі тақтан кетсін!

    • 1 жыл бұрын

      Құдай ондайларды көрмейді ғрй;əй бір жазаларын берер деп ойлаймын!

  • 1 жыл бұрын

    Баласы пара алған түгіл, өзі миллиондап пара алып, "мойындап, өкініп" өз тағына қайта қонжиып жатқан шенділер саны қаншама. Қытайдағы сықылды пара алған мен қазына тонағанның қолын шапса - берген ақшадан ат тонын ала қашар еді, бірақ біздегілер ондай заңды еш уақытта қабылдамайды, өйтсе, биліктегілердің көбінің қолы шабылған болар еді

    • 1 жыл бұрын

      бұлар құдайдан да қорықпайды, өз беттерімен кетуді білмейді, біздің елде табысты жемісті жерде алжығанша отыру заңдылыққа айналып бара жатыр

      1
      Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
      26/05 04:31 0 175
      2
      Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
      26/05 03:44 0 641
      3
      Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
      26/05 02:19 0 218
      Биылғы Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында кімдер бар?
      26/05 01:49 1 209
      Ғалымдар Мона Лизаны тірілтті(видео)
      26/05 01:47 0 361

      Таныстырылғандар

      Өскеменде елімізде тұңғыш рет "Рамазан ата" жобасы жүзеге аса бастады
      Өскеменде елімізде тұңғыш рет "Рамазан ата" жобасы жүзеге аса бастады
      Өскеменде елімізде тұңғыш рет "Рамазан ата" жобасы жүзеге аса бастады
      «Рамазан ата» өкілдіктен ұйымдастырылатын барлық қайырымдылық шараларына қатысады.
      Аудио тыңдау
      21/05/2019 17:40 0 384
      Министр сыртқы қарыздың не себепті көбейгенін түсіндірді
      Министр сыртқы қарыздың не себепті көбейгенін түсіндірді
      Министр сыртқы қарыздың не себепті көбейгенін түсіндірді
      Жалпы сыртқы қарызымыз 57 миллиард 700 миллион долларды құрап отыр.
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 10:37 0 1092
      Ляшко Зеленскийдің оққағарларымен қақтығысып қалды (видео)
      Ляшко Зеленскийдің оққағарларымен қақтығысып қалды (видео)
      Ляшко Зеленскийдің оққағарларымен қақтығысып қалды (видео)
      Олег Ляшко президентпен өткен жабық жиыннан Facebook-ке тікелей трансляция қосқаны үшін оққағарлардан ескерту алды
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 10:40 0 3071
      Халық Қосановқа қаражатын қимай  ма?
      Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?
      Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?
      Алда келе жатқан сайлау науқанына үміткер Әміржан Қосановты жақтағаны сонша, ел ішіндегі қауесеттен ақтап алғысы келді
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 12:51 1 1770
      Назарбаевтан  "Шындыққа" дейін
      Назарбаевтан "Шындыққа" дейін
      Назарбаевтан "Шындыққа" дейін
      Жастар қолдап жатыр
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 13:11 0 1382
      Қара шаңыраққа - 85 жыл!
      Қара шаңыраққа - 85 жыл!
      Қара шаңыраққа - 85 жыл!
      Еліміздің ертеңі мен бүгіні жастардың қолында деген қағиданы бәріміз білеміз. Университетіміз —  еліміздің дамуының кепілі мен көрсеткіші.
      Аудио тыңдау
      22/05/2019 15:43 0 172
      Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
      Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
      Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
      Бауыржан Юсупов бұрғылау бригадасының инженер-технологы қызметін қайтару үшін адвокат жалдап, сотта өз құқығын қорғап шығуға барын салған.
      Аудио тыңдау
      23/05/2019 11:07 0 8294
      Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады
      Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады
      Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады
      Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
      Аудио тыңдау
      23/05/2019 16:30 0 243
      ШҚО әкімшілігі Аxметов айтқан 40 мың гектар жер туралы түсінік берді (Видео)
      ШҚО әкімшілігі Аxметов айтқан 40 мың гектар жер туралы түсінік берді (Видео)
      ШҚО әкімшілігі Аxметов айтқан 40 мың гектар жер туралы түсінік берді (Видео)
      Оның айтуынша, ешқандай жер қытай инвесторларының қолына берілгелі тұрған жоқ. Жер сатылмайды.
      Аудио тыңдау
      23/05/2019 21:59 0 4918
      Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?
      Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?
      Қазақстанның қос президенті Қытайда танысқаны рас па?
      Назарбаев: Оны жан-жақты зерттеу қажет, дос ретінде, жолдас ретінде, неге қызығатынын білу керек
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 10:27 1 6963
      Зеленский отставкаға кете ме?
      Зеленский отставкаға кете ме?
      Зеленский отставкаға кете ме?
      Украиналықтар Зеленскийдің отставкаға кетуін талап етуде
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 15:10 0 3808
      Тоқаев мораторий жариялады
      Тоқаев мораторий жариялады
      Тоқаев мораторий жариялады
      Қиын-қыстау заманда мемлекет экономикалық өсімді қолдаудың ауыртпалығын әрқашан өз мойнына алды.
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 15:26 0 5654
      Жансая Әбдімәлік әлемдегі ең мықты шахматшыны "алтынсыз" қалдырды
      Жансая Әбдімәлік әлемдегі ең мықты шахматшыны "алтынсыз" қалдырды
      Жансая Әбдімәлік әлемдегі ең мықты шахматшыны "алтынсыз" қалдырды
      «Менің қарсыластарым әр жылдары әлемдік біріншілікте топ жарған шахматшылар. Сол себепті, бір секунд та аялдауға қақым болған жоқ."
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 17:32 0 3266
      Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
      Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
      Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
      ҚХР жергілікті консулдық Қазақстан, Қырғызстаннан шыққан азаматтарға қытайлық Фуюань қаласына кіруге тыйым салды
      Аудио тыңдау
      25/05/2019 01:03 1 1557
      Жер тербеліп, жер сілкінісі орын алды
      Жер тербеліп, жер сілкінісі орын алды
      Жер тербеліп, жер сілкінісі орын алды
      Сейсмолог мамандардың айтуынша, жер сілкінісі 4,5 балл болған,  жер асты тербелісінің орталығы 10 шақырым тереңдікте жатыр.
      Аудио тыңдау
      25/05/2019 07:25 0 2920