• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:25:31
+35°

28 Ақпан, 2019 Тәлім мен тәрбие

Үлкендердің ашу үстінде абайсызда айтылған ауыр сөздері баланың жүрегіне дақ түсіреді. Өйткені, баланың психологиясы жаңа өскен жас шыбықтай тез жараланғыш келеді. Баланың болмысына әсер ететін жағдайларды оқырман назарына ұсынады Qamshy.kz ақпарат агенттігі asyldin.kz сайтына сілтеме қалдыра отырып.

1. Сөгу. Хайуандарға теңей отырып баланы сөгу. Мәселен, ит, есек, өгіз, ей, хайуан деп.

2. Қорлау. Теріс сипаттармен тілдеу. Мәселен, кәззап, семіз, ақсақ, арам, бейшара. Мұндай сөздер бұғанасы қатпаған баланың жүрегіне дақ салады.

3. Теңеу. Әр баланың басқаға ұқсамайтын өзінің бейімі мен қолынан келетін икемі болады. Ал, басқа біреумен теңеу – баланы кемсіту. Бала бойындағы өзіне деген сенімділікті жояды. Нәтижеде, өзін теңеген адамдарды жек көре бастайды. Мысалы, «Өзіңдей көршінің баласына қарашы...» деген сияқты теңеулердің теріс әсе ететінін аңғара бермейтініміз өкінішті.

4. Шартпен жақсы көру. «Сен бұлай еткенің үшін мен сені жақсы көрмеймін», «Мынаны жесең, сені жақсы көремін», «Сабағыңды дұрыс оқысаң, жаттауыңды қайталасаң, сен жақсы көремін». Шарт қойып, жақсы көру баланы қалаусыз және еріксіз әрекет жасауға итермелейді.

Өсе келе, бала өз ошағынан, отбасынан жырақтап қалады. Сондықтан, бала шынайылықты жақсы көреді. Өйткені, бала ата-анасын ешбір шартсыз сүйеді.

5. Жалған ақпарат. Баланы өтірік ақпараттыр арқылы қорқытып немесе алдау қоршаған орта жайлы қате түсінік пен ұғым қалыптасуына себеп болады. «Жыласаң, милиция алып кетеді» деп қорқытып өсірген бала ұғымында милиция бейнесі жағымсыз болып қалыптасып қалуы әбден мүмкін. «Ер азамат жыламайды», «Мына бала мені жынды етті», «Менің бұған шамам келмейді», «Алла сенің жазаңды береді», «тозаққа лақтырады», «Біреуге беріп жіберемін», «Бабай келеді немесе милиция ағай алып кетеді» т.с.с.

6. Көңілін қалдыру. Баланың меселін қайтарып, көңілін қалдыру – оның бойына сенімсіздік ұялатумен қатар, талпынысты жояды. «Сен дымды да түсінбейсің», «Үніңді өшір», «Сенен түк пайда жоқ», т.с.с.

7. Қорқыту. Мәселен, «Басыңды жарамын», «Қаныңды ішемін», «Сені соямын» т.с.с.

8. Өтінішіне немқұрайлы қарау. Үнемі баланың сұрағанына «Жоқ, жоқ, жоқ» деп, себебін түсіндірмей жауап қайыру.

9. Қарғау. «Сені Құдай алсын», «Өлгенің жақсы еді», т.с.с.

10. Масқаралау. Баланың намысына тиетін сөздер айту.

Міне, осы он сөз. Зерттеу бойынша бала жасөспірім шаққа дейін ата-анасынан 16 мың сөгіс сөз еститін көрінеді. Ойлап қарасақ, сегіз жасқа жетпеген баланың сөздік қорында 5 мыңға жуық жаман сөздер болады. Балаға айтылған әрбір сөз оның болашағына елеулі әсер ететінін ғалымдар да дәлелдеп отыр. 

Тағы бір дерекке сүйенсек, ата-аналары өте қатал балалар көп жағдайда саналы түрде өз-өздерін жаралайды екен. Ата-ананың балаға дұрыс тәрбие бере алмауы бала болмысының бұзылуына әкеліп соғады. Осындай сөздерден аулақ болып, тәрбиелі, мәнді сөздерді көп айту керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір