• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:54:45
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2017 Әлеумет

Баланы қағып кеткен полицейлер жазаланды

10 жастағы баланы қағып кеткен екі полицей бірі жұмыстан босатылды, екіншісі қызметінен кетті деп хабарлайды

10 жастағы баланы қағып кеткен екі полицей бірі жұмыстан босатылды, екіншісі қызметінен кетті деп хабарлайды qamshy.kz Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция лейтенанты Н.Тұмабаев қызметтік көлікті айдап келе жатып, баланы қаққан. Тәртіпті сақтау комиссиясының шешімімен Н.Тұмабаев жұмыстан шығарылды. Ал оның серіктесі Алматы қаласының инспекторы лауазымынан босатылды.

Жол көлік оқиғасына қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баланы қағып кеткен жүргізуші заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

            Естеріңізге сала кетейік, кеше екі полицей жол ережесін бұзған жүргізушіні қуып келе жатып 10 жастағы баланы қағып кеткен. Бала ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір