• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:28:57
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2017 Әлеумет

Балаларды табытқа жасырған әйелді көп жылдан кейін марапаттайды деп ешкім ойламады

Варшава тұрғыны Ирена Сендлер 1910 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Тек әкесінің тәрбиесін көріп өскен қыздың өмірден ең басты түйгені – мұқтаж...

Варшава тұрғыны Ирена Сендлер 1910 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Тек әкесінің тәрбиесін көріп өскен қыздың өмірден ең басты түйгені – мұқтаж жандарға көмектесу.

Иренаның жасы 7-де болғанда әкесі сүзек ауруынан көз жұмды. Өсе келе, өзінің әке жолын басқысы келетінін сезеді.

Әкесі дәрігер болғандықтан, Ирена қоғамдық көмек бөлімінде медбике болып қызмет атқарды, көмекке зәру жандарға, отбасыларға көмектесіп жүрді.

Тіпті, әлемде Еуропаны антисемитизм басқанда да, Ирена еуропалық отбасыларды қараусыз қалдырған жоқ.

1939 жылы Польшаны басып алған соң нәсілшілдер еуропалық отбасыларға арналған Варшавалық гетто құрды. Сол замандағы зұлматтарды еске алудың өзі қиын. Геттодағы адам төзгісіз өмірді көрген Ирена «еврейлерге көмек» қауымдастығына кіруге бел байлайды. Алайда жағдай ушыға түседі. Жасөспірім қыз нақты шешім қабылдау керектігін түсінеді.

Коллаборационистермен қоса ол еврей балаларының геттодан қашып шығуына көмектеседі, ол жақта қалса, оларды тек өлім күтіп тұрғанын жақсы білді. Сөйтіп, балаларды жетімдер үйіне жіберді немесе асырап алушыларға тапсырып отырды.

Нәсілшілдер геттоны қатаң бақылауда ұстағанына қарамастан, Ирена балаларды сол зұлматтан алып шығудың түрлі айла-тәсілдерін ойластыратын. Көбіне, оларды жедел жәрдем көліктеріне жасырып жүрді. Ал қысым күшейген шақта қаптар мен қоқыс жәшіктеріне, тіпті табыттарда жасыруына тура келді.

Балалардың ішінен оның есінде ерекше қалғаны 5 айлық Ельзуния еді. Ол нәрестені ағаш қорапқа салып, кірпіштердің арасына жасырып қойған. Сәбидің ата-анасынан қалған жалғыз естелік оның жөргегіне тығып қойған күміс қасық болды.

Ирена 2500 баланы өлімнен аман алып қалды. Балалардың қайда жасырынғаны жазылған ақпаратты көрші бақшаға қаңылтыр құтыға жасырып қойған.

Оның жоспары сәтті орындалып жүрген. Алайда күндердің бірінде немістерге бәрі аян болады. Олар Иренаны түрмеге қамап, азаптайды. Қаншалықты қиналғанына қарамастан, әйел адам балалардың қайда жасырынғаны жайында жақ ашпайды. Ақыр соңында нәсілшілдер оны өлім жазасына кесуді шешеді. Алайда тағдыр қызға оң көзімен қарайды. Мейірімді жандар Иренаны қарауылдап жүрген солдаттарға ақша ұсынып, әйелдің қашуына жәрдемдеседі. Сөйтіп, Ирена өз есімін ауыстырып, адамдарға көмектесуін жалғастыра береді.

Тұрмысқа шықты, үш баланың анасы атанды, бақытты ғұмыр кешті. «Мен адамдарға оның нәсіліне де, дініне де қарамастан көмектесу керек деген оймен тәрбиелендім», - дейді Ирена. Осы ниеті үшін де ол жолында кездескен барлық қиындықтарды жеңіп отырды.

2007 жылы Иренаға Нобель сыйлығы ұсынылды, ал 98 жасында өмірден озды. Ол шындық үшін, әділдік үшін күресті, оның әлем тарихына енгізген еңбегі қашан да бағаланады.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір