• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:15:58
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2019 Әлеумет

Балалар ересектердің жүрегін кіршіксіз тазалығымен, шыншылдығымен жаулап алады. Олар үлкендерге қарағанда қателіктерді тез кешіріп, қарапайым нәрселерге шын жүрегімен қуана біледі. Балаларды ештеңені түсінбейді деп ойламаңыз. Психологтардың айтуынша: "Бала –кішкентай адам". Шын мәнінде солай. Qamshy.kz ақпарат агенттігі балаларға қатысты ең қызықты деректерді оқырман назарына ұсынады.

  1. Адамзат тарихындағы ең жас ата-ана 8 және 9 жаста екен.
  2. Әлемде балаларға атақты адамдардың есімдері көп беріледі.
  3. Балаларға арналған Лего құрастырмағын әлемдегі әрбір адамға үлестірсек, әрбірі 30 құрастырмаққа ие болады екен .
  4. Тарихтағы мороккалық Сұлтан Исмаилдың мыңнан астам баласы болған.
  5. Зерттеулерге сенсек, сәбилер көк түсті көре алмайды.
  6. Әлемнің көптеген тілдерінде «ана» және «әке» сөздері ұқсас.
  7. Бір қызығы, еңбектейтін нәрестелерге жаңа нәрселерді үйрену оңай.
  8. Данияда үйде босану өте жиі кездеседі.
  9. Жаңа туған нәресте бір айлық сәбиге қарағанда бір затты уысында қаттырақ қыса алады.
  10. Әлемдегі ең жас әже Румынияда тұрады, ол 23 жаста.
  11. Көбінесе егіздер Нигерияда дүниеге келеді.
  12. 4 жасар балалар күніне 900-ге жуық сұрақ қояды
  13. Жер шарындағы барлық балалар арасында неміс сәбилері әр түрлі техникаларды оңай және жылдам меңгере алады.
  14. 18 ғасырда Оралда өмір сүрген шаруа әйелі 69 баланы өмірге әкелген. Қазіргі уақытта бұл абсолютті рекорт болып саналады.
  15. Оқу орындарының бірінде мұғалім Санта-Клаус туралы аңызды жоққа шығарғаны үшін жұмыстан шығарылған.
  16. Кейбір елдерде индиго балаларды тәрбиелейтін арнайы мектептер бар.
  17. Орташа алғанда 4 жастағы баланың сөздік қорында 12 000 сөз бар.
  18. Шаштары ашық түсті балалар ауа райының өзгергенде аса сезімтал келеді.
  19. Әлемде өмірге келген 2000 баланың біреуі ғана тіспен туады.
  20. Кейбір араб елдерінде балалар қатысатын түйелер жарысы бар. Ол өте танымал.
  21. Швецияда 12 жасқа толмаған баланың жарнамаға түсуіне заң бойынша тыйым салынған.
  22. Бүгінгі күні жаңа туған аналардың ең үлкені 63 жаста.
  23.  Ең жеңіл салмақпен туған баланың салмағы 270 грамм болған.
  24. Барлық мемлекеттердің ішінде туу деңгейі ең төмен Германия екен.
  25. Жапонияда ата-аналар балаларға ешқандай  қорлайтын сөз айтпайды.
  26. Жаңадан туылған нәрестеде 270 сүйек болады.
  27. Кореяда адамның жасы анасының құрсағында жатқаннан бастап есептеле бастайды.
  28. Қытайда бір баладан артық туған ата-аналар түрлі айыппұлдар төлеп, көптеген жеңілдіктен айырылады.
  29. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, көпбалалы отбасында дүниеге келген балалар үлкен жетістіктерге жетеді. Мысалы, көрнекті ғалым Менделеев отбасындағы 17-бала болған.
  30. Жаңа туылған нәрестелер ересектер сияқты мұрындарымен емес, аузымен дем алады.
  31. Жаңа туылған сәбилерде жүзу қабілеті жақсы дамыған.
  32. Жаңа туылған балаларда иіс сезу қабілеті жақсы дамыған. Ғалымдардың айтуынша, сәбилер хош иісімен өздерінің аналарын сезеді және жақсы көреді.
  33. Екі жасқа дейінгі балалардың сүйегі қатпаған. Сол себепті олар әр түрлі майысып, отыра алады.
  34. Таңқаларлық нәрсе, жаңадан туылған нәрестелердің көздері жыпылықтамайды.
  35. Жаңа туылған балалар жылағанда көзінен жас ақпайды.
  36. Кейбір деректерге сәйкес, балалар бір уақытта бес түрлі нәрсемен айналыса алады.
  37. Ұлыбританияда басқа біреудің баласын жазалауға заң бойынша тыйым салынған.
  38. Әлемде канадалық балалар ең көп құқыққа ие.
  39. Бразилиялық ата-аналар балаларын жазалағанда футбол ойнауға тыйым салады екен.
Ақерке Дүйсенбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір