• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:34:42
Алматы
+35°

09 Қараша, 2018 Денсаулық

Балалар ағзасындағы бөгде зат: Дәрігерлер ата-аналарға ескерту жасады

Дәрігерлер балалардың ағзасынан бөгде затты алған 159 операция жасады.

№ 2 қалалық балалар ауруханасында «Балалардың ағзасындағы бөгде зат» тақырыбына арналған таныстырылым өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

2018 жылдың басынан Астанада дәрігерлер балалардың ағзасынан бөгде затты алу мақсатында 159 операция жасады. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың ағзасынан көбіне тиындар шығады. 

«Ата-аналар ұсақ тиынды әр жерге тастайды да, балалар оны тез тауып алып, жұтып қояды. Өйткені, ол ыңғайлы әрі тегіс. Сол себепті, жерде жатқан ұсақ заттарға мұқият болу керек», - дейді дәрігер-эндоскопист Марат Қанапиев.

Балалар көбіне 50 теңгелікті жұтып қояды екен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір