• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:28:39
Алматы
+35°

03 Қазан, 2018 NEWS

Ақмола облысындағы Шортанды ауылында  балабақшада жұмыс істейтін 23 жастағы келіншектен өкпе дерті анықталды.  Науқас тәрбиеші  қазір ауруханада жатыр екен. Одан туберкулездің ашық түрі анықталса да, мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылмаған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қазір 23 жастағы қыз тубдиспансерде дәрігерлердің бақылауында жатыр. Болған жайттан кейін санитарлық дәрігерлер ғимаратты зарарсыздандырып, балалар Манту сынамасын тапсырыпты.

Балабақшаға барып жүрген балалардың ата-аналары айтқандай, олардан тәрбиешінің қауіпті дерті жайында жасырып келіпті.

Балабақшаның медициналық қызметкерінің сөзіне сүйенсек, тәрбиеші маусым айында қаралғанда, науқасы анықталмаған.

Телеарна мәліметінше, балалардың бірі туберкулез жұқтырса, ауыл тұрғындары сотқа арыз береміз деп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір