• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:06:47
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Бала ломбардтағы кепіл емес һәм ұлының денесін елге қайтара алмай отырған ана көмек сұрайды

Қайғысы мен күйініші араласқан ана ұлының өлі денесін ауруханадан шығарып, Қазақстанға қайтару үшін отандастарынан көмек сұрайды.

Ауыр науқасқа шалдыққан қазақстандық кішкентай Богдан Кореяда емделіп жатқан еді. Алайда қатерлі ісік баладан мықты болып шықты, 23 қыркүйек күні Богдан мәңгілік сапарға аттанып кетті. Баласының еміне қомақты қаржы жинап жанталасып жүрген ата-ананың үміті үзілді. Ананың жүрегіне қанжардай тиген ауыр соққы - Богдан қайтыс болса да, еліне, үйіне баланың мүрдесін қайтара алмауы. Себебі ата-анасы Кореядағы ауруханаға $98 000 қарыз екен. Қайғысы мен күйініші араласқан ана ұлының өлі денесін ауруханадан шығарып, Қазақстанға қайтару үшін отандастарынан көмек сұрайды.

«Қымбатты достарым, сіздерге ұлынан, жүрегі мен жанынан айырылған ана ретінде жазып отырмын. Айтарға сөз таба алмаймын... Көңілімді мұң басты, ойым сан-саққа ұшырады, үмітім де қалмады. Богдан – менің өмірім, жаным, ертең атпайтын жарық күнім. Енді ол маған «Анашым, мен сені жақсы көремін» деп айтпайды. Өзінің кішкентай ғана әлсіз қолдарымен мені құшақтамайды. Тіпті баламның жанына барып, сүйіп, оны құшағыма баса алмай отырмын. Басына барып, жылай да алмайтындаймын. Құдайым-ай, бар үмітім солды. Енді періштемнің, балапанымның денесін алып кету үшін материалдық қарызды өтеуім керек. Жүрегім қарс айырылды, алайда «балапаның үшін күрес» деп тулап жатыр. Ол құдды бір ломбардтағы немесе банктағы кепіл секілді. Несін айтайын, кішкентай өмір – қомақты ақша. Сол қомақты ақша баламды емдеп-жазу үшін керек еді. Ал енді баламнан айырылсам да қомақты ақшаға зәрумін. Клиника алдындағы қарызым $98 000 екен. Балам о дүниелік болса да мына аурухана мен мына елден кете алмай отыр. Богдан өз үйіне, ойыншықтарына, анасы мен әкесіне еркелейтін бақытты мекеніне барғысы келді. Алайда тағдырдың жазуы ма, Құдайдың қалағаны ма, баламның қалағаны орындалмады. Достар, баламның, ендігі періштемнің арманын орындауға сіздер көмектесіңіздерші. Богданымды үйге алып кетейік. Балапанымның жаны, ең құрығанда, көкте тыныш болсын. Баласынан айырылған ана ретінде сұрап отырмын, жүрегімді үйге қайтаруға көмектесіңіздерші. Періштелер өлмейді, олар қашан да бізбен бірге... Өтінемін, көмектесіңіздер!» - деп жан сырын ақтарды анасы.

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан елшілігінің көмегімен қаржы сомасы $90 000-ға азайған. Оның $15 671-ы өтелді. Қалғаны – $74 381. Ал елшілік баланы елге қайтару үшін көмек көрсетіетінін жеткізіпті. Толық ақпаратпен INSTAGRAM желісіндегі @ svetlyachok_bogdan парақшасы арқылы таныса аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір