• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:56:31
Алматы
+35°

21 Қыркүйек, 2018 Спорт

Бағыңызды сынап көріңіз

Резюмелер 2018 жылдың 8 қазан күні сағат 20:00 ге дейін жеке тұлғаға тіркелген электронды пошталардан ғана қабылданады.

«QAZSPORT» телеарнасы спорттық шаралардың комментаторларын қабылдайды. Бұл 5 жыл ішіндегі 9-шы кастинг. Соңғы кастинг іріктеуде 400-ден аса үміткер  бақтарын сынады. Өздерін  жақсы қырынан көрсеткен үміткерлер бүгінде арнамызда комментатор болып жұмыс істеуде. Олардың арасында Лилиана Әлжанова, Ербол Қайыров, Ерік Ерсін, Дидар Қадыров, Дмитрий Нестеренко сынды есімдер бар.  

Кастингтің мақсаты - арнадағы қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін комментаторлар құрамын жаңа есімдермен толықтыру. Кастингке 22 жастан жоғары ҚР азаматы қатыса алады. Кастинг мынадай спорт түрлерінен өтеді: a)жеке спорт түрлері мен велоспорт, баскетбол, волейбол, регби, хоккей, жекпе-жек, ұлттық спорт түрлері; б)мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика, жүзу сияқты спорт түрлері бойынша комментатор–қыздар мен барлық спорт түрін жетік меңгерген комментаторлар.  

Үміткерлер түйіндемелерін [email protected] электронды поштасына жіберулері керек. Резюмелер 2018 жылдың 8 қазан күні сағат 20:00 ге дейін жеке тұлғаға тіркелген электронды пошталардан ғана қабылданады. Түйіндемелер өңдеуден өтіп, арнайы база құрылады. Қарастырылған түйіндемелерден үміткерлер тізімі анықталып, электронды поштаға немесе қоңырау соғу арқылы кастингке қатысуға шақырту жіберіледі. Үміткерлердің өздерімен бірге жеке куәлігі болуы шарт. Кастинг 2018 жылы 13-14 қазан аралығында Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 33А үйінде орналасқан «QAZSPORT» телеарнасының ғимаратында өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір